Қыз жырлайды бақытын, Төгілтіп шаш арқаға

Қасым Аманжолов өлеңі

Жаз дидарлы жас ана,
Жаныңды тос әр күйге.
Жасара түс, жасара,
Бөбегіңді әлдиле.
Қыз жырлайды бақытын,
Төгілтіп шаш арқаға.
Ойлап өткен уақытын
Күрсінеді қарт ана.
Шіркін ана қыз тауып,
Күң өсірген күн құрсын.
Нұр үстіне нұр жауып,
Өз күніміз құлпырсын.
Теңдік атты терең күй
Бізден басқа қай елде?
Дүние, бүгін басыңды и
Еркін, азат әйелге.
Көктен, жерден, теңізден,
Жұлдыз емес, қыз көрдік.
Ерке сәби емізген
Айдай ана біз көрдік.
Сұлулық пен махаббат
Не? деп әркім таласар.
Бақыты бар, басы азат
Адамға олар жарасар.
Қазақ қызы қара шаш,
Есіңде ме Қырық байтал?
Бүгініңе жай құлаш,
Өткеніңе бол қатал.
Жаз дидарлы жас ана,
Жаныңды тос әр күйге.
Жасара түс, жасара,
Бөбегіңді әлдиле.
1948ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Шал ақын
Жыр алабы - Жамбыл
Үкілі Ыбырай туралы
І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм
Үкілі ыбырай
Ақтан Керейұлы
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
Қазақ әдебиеттану ілімінде тәуелсіздік жылдарында жарық көрген әйел ақындар поэзиясының өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Ақан сері
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясаты ЖШС «Adramit Akros» мысалында
ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ САРА
Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту