Қазақ өлеңінің ұйқасы

Сабақ туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Құттықожа ауылы, №164 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Курбаназарова Дариха Налибаевна.

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі.

Сынып: 7-сынып. Сілтеме: Әдебиет оқулығы, 50–52-беттер.

Жалпы мақсат

Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды таныту және әдеби-теориялық ұғымдарды талдау мүмкіндіктерін кеңейту.

Оқып-үйренудің негізгі міндеттері

Танымдық

Жаңа білімді өздігінен игеру арқылы өлеңнің мазмұны мен идеясын түсінуге, құндылықтарды тани білуге жағдай жасау.

Эмоционалдық

Өлең оқуға ынтаны арттыру, зейін мен ерік-жігерді табандылықпен басқару, тыңдау және қабылдау дағдыларын дамыту.

Әлеуметтік

Қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейту, өзара әрекеттестікті белсендіру.

Күтілетін оқу нәтижелері

  • Сыни ойлау дағдысын дамыта отырып, жаңа тәсілдер арқылы өлеңнің негізгі идеясын түсінеді.
  • Талантты және дарынды оқушылардың ой қорытуына қарай көшбасшылық қабілеті айқындалады.
  • Шағын топтарда үйлесімді әрекеттесуге ынталанады.

Негізгі идеялар

«Мен» тұжырымдамасы Өзін-өзі реттеу Диалогтік жұмыс Ынтымақтастық Топтық және жұптық жұмыс

Сабақ барысында оқушылар топтасып және жұптасып жұмыс істей отырып, танымдық қабілеттерін көрсетеді, сабаққа белсенділігі артады.

Тапсырма көздері мен көрнекіліктер

Тапсырма көздері

  • Өлеңді сыни тұрғыда талдау.
  • Қосымша дерек бойынша интернет желісінен ақпарат іздеу.
  • Қазақ өлеңіндегі ұйқас түрлері.
  • Суретпен жұмыс.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық
  • Слайд материалдары
  • Маркерлер

Сабақ кезеңдері (қысқаша жоспар)

I. Ұйымдастыру (5 минут)

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару.
  • Смайлик арқылы топқа бөлу.
  • Психологиялық сәт: «Мен өмірді сүйемін, себебі ...» сөйлемін аяқтауға бағыт беру.

Оқушы әрекеті

  • Пікірін білдіріп, жағымды қарым-қатынас орнатады (мысалы: «Мен өмірді сүйемін, себебі мен бақытты баламын»).
  • 6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді, топ жетекшісін сайлайды.
  • Топ атауы, ұраны және ережесін ұсынады: I топ — «Алғырлар», II топ — «Зеректер», III топ — «Тапқырлар».

II. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Үй тапсырмасы

  • «Екі шыбын» мысалын жаттау.
  • Сурет салу.
  • «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына ойтолғау (А. Байтұрсынов туралы).

Топтық сұрақтар (ойын элементімен)

I топ — «Алғырлар»

  • А. Байтұрсынов кім?
  • Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

II топ — «Зеректер»

  • Өлеңде айтылатын өзекті ойдың мәні неде?
  • Ақын оқушыларына нені ескертеді?

III топ — «Тапқырлар»

  • Өлеңде адам бойындағы қандай қасиеттер айтылады?
  • «Шыбын» образы арқылы қандай адамдар бейнеленеді?

Ескерту: Әр топтан екі оқушыдан жауап береді.

III. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту (5 минут)

Білу, тану, түсіну

Жаңа сабақты бастамас бұрын «Адам деген кім?» сұрағына жауап іздеу. «Адам» дегенде көз алдарыңа кім елестейді?

Әріптер тізбегі (ізденіс тапсырмасы)

Берілген әріптерден мағыналы сөзді табу, артық таңбаларды сызу арқылы түйін сөзге шығу.

AӘБВГҒДБІРЕЖЗИЙКҚЛМАДАМҒАҢҢОӨПРСТУҮҰФЦЯЮЛ

Түйін сөз: бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Бір адамға».

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күнді және сабақ тақырыбын жазу. Ресурс: электронды оқулық.

IV. Оқушының өзіндік ізденісі (10 минут)

Оқулықпен жұмыс (талдау тіректері)

  • Авторы
  • Тақырыбы
  • Жанр түрі: поэзия
  • Идеясы