Ахмет Байтұрсынұлы Оқуға шақыру Мақсаты мен міндеттері

Сабақ жоспары: «Ахмет Байтұрсынұлы — Әліппенің атасы»

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы. «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі: Сауытбаева Гүлмира Серікбаевна.

Пән: Ана тілі Сабақ түрі: Жаңа тақырып Көрнекіліктер: портрет, «Әліппе» Әдіс-тәсілдер: жұптық жұмыс, талдау

Мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Түсініп оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Мәтінді талдау қабілеттерін және оқушылардың белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» ойыны

Тапсырма

«Аспанға ұшып бара жатқан шарларды ұстап қал» ойыны арқылы берілген сөздерден мақал құрастыру: кәріп, күні, жарық, дүние, білімдіге, білімсіздің.

Құрастырылатын мақал: «Білімдіге дүние жарық — білімсіздің күні кәріп».

  • Мақалды қалай түсінесіңдер?
  • Неліктен алғашқы бөлім білімге байланысты аталады?

Кіріспе ой

Бүгін танысатын алғашқы бөлім: «Талаптан да, білім мен өнер үйрен». Бұл атау оқушыны ізденуге, білімді өмірлік бағдар етуге жетелейді.

2) Жаңа тақырыпты меңгерту

Бағыттаушы сұрақтар

  • Күн сәулелеріне қандай сөздер жазар едіңдер?
  • Қандай түспен бояр едіңдер? Неліктен?
  • Мектеп табалдырығын алғаш аттағанда қандай оқулық ұстадыңдар?
  • Неліктен «Білім көзі — Әліппе» деп айтамыз?
  • Алғаш «Әліппені» жазған кім?

Негізгі тұлға

Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1938) — ақын, ағартушы, ғалым.

Оқулықпен жұмыс

4–5-беттер. 4-беттегі сұрақтарға жауап беру. 5-бет: «Әліппенің атасы» мәтінін оқу.

Мәтінмен жұмыс кезеңдері

  • Үлгі оқу (мұғалім оқуы).
  • Сөздік жұмыс:
    • Жер аудару — адамды соттап, алыс жерге жіберу.
    • Сөз мұрасы — ел ішінде сақталып қалған аңыз-әңгіме, мұра.
  • Тізбек бойынша оқу.
  • Азат жолмен оқу.

Дәптермен жұмыс

Түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түстердің мәніне назар аудару. «Он жаста» тіркесі неліктен қара түспен берілген?

Отбасында әкесі он жаста Ерғазының мұғалімдер мектебі мұғалім сөз мұрасы

Сергіту сәті

Мәтінді тұтас бірнеше рет оқып шығу арқылы оқу қарқыны мен түсінігін нығайту.

3) Жаңа білімді бекіту

Теріп жазған сөздерді тірек етіп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы толық әңгімеле.

Сұрақтар

  1. Ахмет Байтұрсынұлы кім?
  2. Қандай газет шығарған?
  3. Қандай оқулық жазған?
  4. Тағы қандай шығармаларын білесің?

4) Үй тапсырмасы

5-беттегі мәтінді әңгімелеу.

Сабақ жоспары: «Ахмет Байтұрсынұлы — Оқуға шақыру»

Пән: Ана тілі Сабақ түрі: Жаңа тақырып Көрнекіліктер: портрет, «Әліппе», құмырсқа суреті Әдіс-тәсілдер: жұптық жұмыс, талдау

Мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Түсініп оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Өлеңді талдау қабілеттерін және оқушылардың белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке және терең білім алуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Қызығушылықты ояту

«Пікірлер ағашы»

Тапсырма

«Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?» тақырыбында ой бөлісу.

Сұрақтар

  1. Ол кім?
  2. Қайда туған?
  3. Қандай қызмет атқарған?
  4. Қандай оқулық жазған?
  5. Қандай шығармаларын білесің?
  6. Әкесінің аты кім?

2) Жаңа тақырыпты меңгерту

Күн сәулелері әдісі

«Күн сәулелеріне не жазар едің?» сұрағы арқылы негізгі құндылықтарды анықтау: оқу, еңбек, ізденіс, даналық, білім.

Оқулықпен жұмыс

6–7-беттер. 6-бет: «Оқуға шақыру» өлеңін оқу.

Өлеңмен жұмыс кезеңдері

  • Үлгі оқу (мұғалім оқуы).
  • Сөздік жұмыс:
    • Іздеп тауып алайық — үйрену, оқу, іздену.
  • Тізбек бойынша оқу.
  • Азат жолмен оқу.
  • Өлеңді бөлімдерге бөліп оқу:
    • «Оқуға шақыру»
    • «Еңбек іс-әрекеті»
    • «Даналық»

Негізгі ұғым

Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Өлеңдегі бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқы:

оқуға жұмыссыз даналық байқап қаралық өшпес жарық кетпес байлық

Өлеңді тұтас мәнерлеп оқуға дағдылану.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары және тыныс алу арқылы зейінді қайта жинақтау.

3) Жаңа білімді бекіту

Сызбаға назар аудар. Өлеңге сүйеніп, сызбаны өз сөзіңмен түсіндір. Неліктен бұл сөздер құмырсқа бейнесінде көрсетілген?

Тірек сөздер

іздену үйрену оқу жарық еңбек даналық білім байлық

Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс): «Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық» жолдарын қандай сызба арқылы көрсетер едің?

4) Үй тапсырмасы

  • 6-бет: өлеңді мәнерлеп оқу.
  • 8-бет: №9 тапсырманы дәптерге жазу.