Ноғайлы дәуірінің күй жырлары

Жамбыл облысы · Байзақ ауданы · Сарыкемер орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі: Бесбаева Анара Сауытбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Музыка және қолданбалы өнер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға ұлттық ән-күй өнері және оның дамуы туралы нақты мәлімет беру.

Дамытушылық

Рухани мәдениетке көзқарас қалыптастыру; мәдени құндылықтарды өз бетінше түсіну және бағалау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Рухани құндылықты құрметтеуге үйрету; ұлттық мәдениетке сүйіспеншілік ояту; адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Сабақ форматы

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ
  • Әдістер: сұрақ-жауап, «жасырын ұяшықтар», «иә/жоқ» тесті
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілік және материалдар

  • Слайдтар
  • Буклеттер
  • Рефераттар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Ережелер: 30 секунд · дұрыс жауап — 1 ұпай · қате болса, келесі топ жауап бере алады

«Тұлғаны таны» кезеңі: тарихта елеулі із қалдырған тұлғаға сипаттама беріледі, оқушылар тұлғаны анықтайды. Екі топ кезекпен жауап береді.

  1. Отырар ойшылдарының ең атақтысы, «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама — Әл‑Фараби.
  2. Туған жылы белгісіз, 1166 жылы қайтыс болған, «Диуани хикмет» еңбегінің авторы — Қожа Ахмет Ясауи.
  3. 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұратын, үш қосымшасы бар еңбек авторы; «Хас хажип» атағына ие болған ғалым — Жүсіп Баласағұни.
  4. 1544–1546 жылдар шамасында Кашмирде жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы, тұңғыш тарихшылардың бірі — М. Х. Дулати.
  5. 1971 жылы «Алдаспан» антологиясында шығармалары толық жарияланған, «Қоғалы көлдер, құм сулар», «Азау, Азау дегенім», «Айналайын Ақ Жайық» толғауларымен белгілі — Доспамбет жырау.
  6. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ; ел болашағын толғаған нақыл сөздердің авторы — Асан қайғы.
  7. IX–X ғасырларда өмір сүрген, оғыз тайпасынан шыққан жырау, қобызшы — Қорқыт ата.
  8. «Ей, Абылай, Абылай!..» деп жырлаған, 1693–1787 жылдары өмір сүрген жыршы — Бұқар жырау.

Сәйкестендіру тесті

Тұлға / автор Шығарма / тақырып
Қ. А. Ясауи «Диуани хикмет»
М. Қашқари «Диуани лұғат ат‑түрік»
Қ. Жалайри «Жылнамалар жинағы»
Ж. Баласағұни «Құтадғу білік»
Қазтуған Сүйінішұлы «Жапырағы жасыл жаутерек»
Шалкиіз жырау «Туған жермен қоштасу»

III. Жаңа сабақ

Жоспар (постермен жұмыс):

  1. 1) Музыка тарихына шолу
  2. 2) Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар
  3. 3) Ұлттық музыка аспаптары

Музыка өнеріне қысқаша шолу (1-топ)

Музыка өнері — халқымыздың ежелден дамыған рухани мәдениетінің маңызды салаларының бірі. Қазақ қоғамында той-думан мен мереке ән-күйсіз өтпеген. Әншілер мен күйшілер халық арасында жүріп, елдің арман-тілегін, мақсат-мүддесін ән мен күй тілі арқылы жеткізген.

Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбетов қазақ музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі:

  1. 1-кезең (б.з.б. VIII–VI ғғ.). Сақ дәуірінен жеткен қиял-ғажайып тақырыптағы күйлер: «Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет», «Аққу» т.б.
  2. 2-кезең (VI–XII ғғ.). Оғыз-қыпшақ күйлері, Қорқыт мұрасы: «Қорқыт», «Тарғыл тана» т.б.
  3. 3-кезең (XIII–XVI ғғ.). Ноғайлы дәуірінің күй-жырлары: батырлық, ғашықтық жырлардың ауызша әрі әуенмен айтылатын үлгілері.
  4. 4-кезең (XVII–XVIII ғғ.). Жоңғар шапқыншылығы кезеңі: «Қалмақ биі», «Беласар» т.б.
  5. 5-кезең (XVIII–XIX ғғ. және XX ғ. басы). Қазақтың классикалық мұралары: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Кенен, Жамбыл шығармалары.

Әдет-ғұрыптық фольклор

  • Жар-жар
  • Беташар
  • Тойбастар
  • Сыңсу
  • Бесік жыры
  • Жоқтау

Ән-күй иелері туралы

Халық композиторлары мен орындаушылары ұлттық мұраны қалыптастырып қана қоймай, тарихи кезеңдердің үнін өнер арқылы жеткізді.

Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар (ірі мысалдар)

Құрманғазы Сағырбайұлы (1806–1879)

Күйші, сазгер. Аспаптық музыканың (күй өнерінің) классигі.

«Сарыарқа» «Ақсақ киік» «Көбік шашқан» «Ақбай» «Адай»

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815–1862)

Шертпе күй дәстүрін қалыптастырған ірі күйшілердің бірі.

«Саржайлау» «Былқылдақ» «Балбырауын» «Салқоңыр» «Қосбасар»

Ұлттық музыка аспаптары (3-топ)

Домбыра Қобыз Шаңқобыз Шертер Сыбызғы Дауылпаз Асатаяқ Жетіген Даңғыра Қоңырау Сазсырнай Тайтұяқ

Шертер

Саусақ ұшымен шертіп ойналатын аспап. Сыртқы пішіні домбыраға ұқсас, көлемі кіші, үш ішекті. Шертерге арналған күйлер халық арасында кең таралған.

Шаңқобыз

Тілшік арқылы дыбыс шығаратын аспап. Көбіне темірден жасалады, тілшігін саусақпен ілгері-кейін қозғап орындайды. Шығыс халықтарында кең таралған.

Сыбызғы және дауылпаз

Сыбызғы — үрмелі аспап; қамыс-қурайдан, ағаштан немесе жезден жасалады.

Дауылпаз — ұрып ойналатын көне аспап. Жаугершілік заманда шабуылға шығу, ұрысты тоқтату немесе халықты жинау үшін қолданылған.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Тест тапсырмалары («Иә / Жоқ»)

  • «Біржан сал» — Ақан серінің өлеңі.
  • Дауылпаз — үрмелі аспап.
  • Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтылатын ән.
  • «Ақ сиса» — Жаяу Мұсаның әні.
  • «Бәйге» — ойын түрі.

Тапсырма 1

Ақан серінің әндерін ата: «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Еркем», «Мақпал».

Бағалау: 1 ұпай

Тапсырма 2

Құрманғазы күйлерін ата: «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Ақбай», «Адай».

Бағалау: 2 ұпай

Тыңдалым / анықтау

1) Құрманғазының «Адай» күйі.

Бағалау: 2 ұпай

Тыңдалым / анықтау

2) Құрманғазының «Балбырауын» күйі.

Бағалау: 2 ұпай

V. Бағалау

Оқушылардың жауаптары ұпай санымен есептеліп, белсенділігі мен дәлдігі ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.

VI. Үй тапсырмасы

«Музыка және қолданбалы өнер» тақырыбын оқып, қосымша тың мәліметтер жинақтау (дереккөздерді көрсету ұсынылады).