Құстар тапсырмасы
Жас математик сайысы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі — Сулейманова Жанылай Анесовна. 2-сынып.
Мақсаты
Оқушыларды жылдам есептеуге үйрету және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қысқаша сипаттама
Мультимедиа технологияларын белсенді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыратын тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-сыныптар арасында өткізілетін «Жас математик» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымыздың негізгі мақсаты — әртүрлі ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдеріңізді одан әрі тереңдету.
Бүгінгі сайыста
- Сөзжұмбақтар
- Өлең есептер
- Логикалық есептер
Әр сұраққа дұрыс әрі нақты жауап берген топ жоғары ұпай жинайды. Ең көп ұпай жинаған топ «Жас математик» номинациясымен марапатталады.
Топқа бөлу
Болам десең — ғарышкер,
Болам десең — дәрігер,
Болам десең — инженер,
Ең керегі — математика.
Математика өмірде —
Бар білімнің патшасы.
Сайыс кезеңдері
-
1
Таныстыру
Топтар өздерін таныстырады, ережелер мен бағалау жүйесі түсіндіріледі.
-
2
Сөзжұмбақ шешу
Математикалық ұғымдар мен терминдерді бекітуге арналған тапсырмалар.
-
3
Кім жылдам: есептер шығару
Жылдам есептеу дағдыларын дамытуға бағытталған қысқа тапсырмалар.
-
4
Құстар тапсырмасы
Тақырыптық есептер арқылы зейін мен жылдамдықты шыңдау.
-
5
Логикалық есептер
Ойлау, талдау және қорытынды жасау қабілеттерін дамытатын тапсырмалар.