Мұқағали МақатаевБауыржан МомышұлынаАға, Саған, білмеймін не айтарымды, Қай қырыңнан білмеймін байқарымды

Мұқағали Мақатаев

Бауыржан Момышұлына
Аға,
Саған, білмеймін не айтарымды,
Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.
Көңілдегі ой көмейге кептелді де,
Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.
Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.
Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,
Heгe көңіл, білмеймін, ақтарылды?!
Ақ тұлпарым бар еді саған деген
Алып ұшпай ол неге аңтарылды
Сен зәру емессің ғой құрметке,
Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...!
Тонға емес, орамал жолға жарап,
Сый тартуды атамыз ырым еткен
Тартар сыйым өзіңе болмағасын,
Белгілі ғой қасыңа жоламасым.
Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,
Алсам - дағы басынан томағасын.
Қылышымды суырып қынабынан,
Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым - ау...
Жетімдердің кегі мен жесірлердің
Суарып ем суалған бұлағына.
Қайрап едім зауалдың шарығына,
Қақтап едім қан майдан жалынына.
Қынабына оны да жасырдым мен,
Керек болып жүрер деп халығыма.
Қынабына caп қойдым үмітпенен,
Оның несін жасырам бүгіп сенен.
Саған, аға, сақталған бір сый бар - ау,
Назарына ешкімнің ілікпеген.
Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,
Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!
Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,
Сыйдан да он есе артық даңқың маған.
Ешкімнің назарына ілікпеген,
Саған бір сый тартам деп үміттенем.
Жүрегімнің тапсырған аманатын
Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.
Қандай сый тартсам екен, аға саған,
(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?
Ешбір сый таба алмасам, аға, саған
Аппақ тонын - атамның тәбәрігін,
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Мұқағали Мақатаев туралы
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Атамекен
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі