Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау
Сабақ туралы мәлімет
Пәні мен сыныбы
Тарих, 5-сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
5.1A — Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Тақырыбы
Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеттері (1-сабақ)
Оқу мақсаттары
5.2.2.2 — археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау.
Сабақ мақсаттары (саралау)
Барлық оқушылар
Деректер арқылы Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеттерінің негізгі белгілерін анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі
Археологиялық деректерге сүйеніп, екі мәдениеттің белгілерін ажыратады және талдайды.
Кейбір оқушылар
Мәдениеттердің белгілерін салыстырып, нақты мысалдар келтіре отырып, тұжырым жасайды.
Бағалау критерийлері
-
1
Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтайды.
-
2
Екі мәдениеттің белгілерін ажыратып, талдайды.
-
3
Белгілерді салыстырып, нақты мысалдар арқылы қорытынды тұжырым жасайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады
- Оқыған ақпаратты өз сөзімен айтып, баяндайды.
- Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасап, мысалдар келтіреді.
- Өз білімін кестеге түсіріп жаза алады.
Негізгі ұғымдар
Автор туралы
Игенбаева Динара Маратовна — тарих және құқық пәндерінің мұғалімі, 1 (ілгері) деңгейлі мұғалім, мектеп тренері.
Мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы
№83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі