Ұлттық тәрбие - рухани уыз
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні
«Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата-ананың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.» — Н. Ә. Назарбаев
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі, рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып қалыптасуы — тәрбиенің ұзақ та жүйелі ықпалына байланысты. Халық өз ұрпағын тәрбиелеуде өзіне дейінгі озық дәстүрлерді жинақтап, сұрыптап, өмір тәжірибесімен ұштастыра пайдаланған. Осы тұрғыдан алғанда, демократиялық бағыттағы педагог-ғалымдардың ұсынған тәжірибелері мен тұжырымдары да — тәлім-тәрбиенің мазмұнын тереңдететін құнды арна.
Педагогикалық ой-пікірдің сабақтастығы
Я. Н. Каменский баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетсе, швед педагогы И. Г. Песталоцци баланың дүниені тануы отбасынан басталып, мектепте жүйелі түрде жалғасуы қажет деген қағиданы ұсынған.
К. Д. Ушинский халық педагогикасының тәрбиелік мақсаты мен мазмұны сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты екенін, тәрбиенің қайнарын халықтың озық дәстүрлерінен іздеу қажеттігін атап өткен.
Болашақ ұрпақтың келбетін айқындайтын абыройлы қызметке үлкен жауапкершілік жүктеледі. Тәрбие — тек қана адамның өз мүмкіндігін ашып, ойын еркін айтып, тыңдай білуі, ықпал етуі, көмек көрсетуі, жанашырлық танытуы сияқты адамгершілік дағдыларын қалыптастыру емес. Ең бастысы — өзі өмір сүретін ортада тұлға ретінде танылатын, бақытты өмір сүруге қабілетті адамды тәрбиелеу.
Тұлға ұғымы және оны қалыптастыру міндеті
Тұлға — рухани-адамгершілігі жоғары сезімдері дамыған, талғамы биік, өз іс-әрекетіне мақсат қоя алатын адам; ол — қоғамның ажырамас бөлігі. Адам тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен дайын күйде бірден қалыптаспайды. Әрбір жеке тұлғаны тәрбиелеп, жетілдіру — уақыт талабына сай білімді, ойлы, өмірге құштар азамат болып өсуіне бағытталған үздіксіз үдеріс. Сондықтан біз өз үлесімізді жүйелі түрде қосуымыз қажет.
Қай заманда да жас ұрпақтың өнеге тұтар ұлттық тәлім-тәрбиесі мен үлгі алатын тарихи тұлғалары болған. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари сынды ғұламалардың еңбектері мен кемеңгер ойлары балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда да айрықша мәнге ие.
Ғылыми көзқарастар: тәрбие ықпалы және қарым-қатынас мәдениеті
Дамыған қоғамда тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістердің тиімділігі ерекше. Сонымен бірге, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы адамгершілік қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайды. Бұл мәселені кеңес дәуіріндегі педагогтар П. П. Блонский, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және басқа да ғалымдар өз зерттеулерінде дәлелдеген.
Қазақстандық психолог-ғалымдар Ә. Алдамұратов, Қ. Б. Жарықбаев, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Г. А. Урунтаева, Х. Т. Шерьязданова еңбектерінде оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері туралы құнды тұжырымдар айтылған.
Бүгінгі өзектілік: ұлттық құндылық және жаһандану
Бүгінгі таңда жаңалыққа құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру — көкейкесті мәселелердің бірі. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай уақытта да маңызды қажеттілік болып қала береді. Әсіресе жаһандануға бет бұрған, әлемдік бәсекелестіктің талаптарына жауап беру қажет кезеңде бұл мәселенің өзектілігі айқындала түседі.
Елбасының «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген пікірі баршамызға салмақты міндет жүктейді.
Сондықтан бүгінгі басты мақсат — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен жалпыадамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Жер бетіндегі әрбір ұлт өз ұрпағының жан-жақты тәрбиелі, мәдениетті тұлға болып қалыптасуын армандайды.
Ұлттық тәрбие — рухани уыз
Бала бойына рухани мұраны сіңірудің маңызды жолдарының бірі — ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбие — рухани уыз. Халық тәрбиелік мұраларды молынан туғыза отырып, сол құндылықтар арқылы баланың «жеті қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуына мүмкіндік жасаған.
Әр халықтың болашағы — жастарына тәуелді. Егер жас ұрпақ ұлттық рухта тәрбиеленбесе, елдің болашағы бұлыңғырланатыны туралы ғалымдар да жиі ескертеді. Себебі ұлттың барша мұрасы — жастарға аманат. Ал жастар кейінгі буынға сол бай мұраны табыстамаса, ұлттық атаудың біртіндеп әлсіреуі де ықтимал.
Жезқазған қаласы, жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәні мұғалімі — Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна