Отан несімен ыстық

Сабақ тақырыбы

Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңі

Білімділік мақсаты

Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау.

Дамытушылық мақсаты

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорды молайту, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау және көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Адамгершілікке, адалдыққа, елін-жерін сүюге және табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Мультимедиа
  • Интерактивті тақта
  • Кесте-сызбалар
  • Топтастыру стратегиясы
  • Бейне-сюжет

Сабақ түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру (1-слайд).

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Ж. Смақовтың «Отан» өлеңін жатқа айту (2-слайд).
  • «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбына шығарма жазып келу.
  • «Отан» тақырыбына альбом әзірлеу.

Оқушы ойы мен әсері (3-слайд)

Оқушылардың кішкентай жүректерін өз Отаны — Қазақстан үшін қуаныш сезімі кернейді. Олар өз шығармаларында еліміздің әсем табиғатын, пайдалы қазбаларын, асқар тауларын, шалқар көлдерін, ұлан-ғайыр даласын мақтанышпен суреттейді. Сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев және жаңа астана — Астана қаласы туралы ойларын ортаға салады. Олардың сөзінен туған жерге, елге деген асқақ сезім байқалады, бұл — қуанарлық жайт.

III. Жаңа сабақ

Топқа бөлу

Сынып екі топқа бөлініп жұмыс істейді. Сабақ сайыс түрінде өтеді, әр жауап бағалау парағына ұпай ретінде тіркеледі.

  • I «Жерұйық» тобы
  • II «Алтын бесік» тобы

«Кім көп біледі?» (4-слайд)

Отан туралы мақал-мәтелдер мен негізгі тұжырымдарды талдау арқылы сабақтың идеялық өзегіне назар аударамыз.

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.»

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады: ол адамды елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Сондықтан балалық шақтан-ақ Отанға деген махаббат оянып, әрбір адам үшін Отан — ошақ басынан, туған көше мен туған даладан басталады.

«Отан оттан да ыстық.»

Халқымыздың Отанын, атамекенін ардақтау сезімі терең. Қиын кезеңдерде ата-бабаларымыз елді сыртқы жаудан қорғап, елі үшін жанын да, барын да аямаған. Бұл қасиет әрқайсымыздың бойымызға ана сүтімен дарып, ана тілімен беки түсуі тиіс.

Өз еліне, туған жеріне жыр арнамаған ақын жоқ. Бүгін біз Отан туралы жазған ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңімен танысамыз.

Мұқағали Мақатаев туралы (5-слайд)

Мұқағали Мақатаев (1931–1976) — шынайы поэзияның көрнекті өкілі, қазақ әдебиетінің ғажайып ақындарының бірі. Ол 1931 жылы 9 ақпанда қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келсе де, ақын өлеңді 10–11 жасынан жаза бастайды.

Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген. 1960–1970 жылдары шығармалары үздіксіз жарияланып, бұл кезең ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты ретінде бағаланады.

Туындылары

  • «Қарлығашым, келдің бе?»
  • «Дариға жүрек»
  • «Аққулар ұйықтағанда»
  • «Шуағым менің»
  • «Өмір-дастан»
  • «Соғады жүрек»
  • «Шолпан»
  • «Жырлайды жүрек»
  • «Өмір-өзен»
  • «Қош, махаббат!» (проза)

Ақын 45 жасында өмірден өткеннен кейін, оның екінші өмірі — өлмес мұрасы басталды: жыр кітаптары мен прозасы оқырманның сүйікті шығармаларына айналды.

Оқулықпен жұмыс (6-слайд)

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
  • Әр топ өлеңді екі жолдан кезекпен мәнерлеп оқиды.

IV. Сергіту сәті (7-слайд)

Орнымыздан тұрайық,

Қанат қағып алайық.

Аққу болып ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп-жүзіп алайық.

Шаянға ұқсап былпылдап,

Қане, айнаға қарайық.

Бейне-сюжет (8-слайд)

«Менің Қазақстаным» мультфильмінен үзінді көрсету.

Жаңа сабақты бекіту

Дәптермен жұмыс (9-слайд)

Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып, дәптерге жазу.

Кесте-сызбамен жұмыс

Өткен сабақтағы мәтін мен осы өлеңді салыстыру:

Ақын Отанды неге теңейді? Ұқсастықтары Ерекшеліктері
Жақан Смақов Оқушы толтырады Оқушы толтырады Оқушы толтырады
Мұқағали Мақатаев Оқушы толтырады Оқушы толтырады Оқушы толтырады

V. Сабақты қорытындылау

Топтастыру стратегиясы: «Отан дегеніміз не?» тақырыбында негізгі ұғымдарды жинақтау.

VI. Бағалау

  • Ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтау.
  • Оқушыларды мадақтау және бағалау.

VII. Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау.