Заттардың ұзындығын салыстыра білу дағдыларын бекіту

Мақсаты

Балаларды екі топтағы заттарды беттестіріп салыстыру арқылы көп, аз, теңбе-тең ұғымдарын дұрыс қолдана айтуға үйрету.

Заттардың ұзындығын салыстыру дағдыларын бекіту және ұзынырақ, қысқалау, ұзындығы бірдей сөздерін белсенді қолдануға дағдыландыру.

Таңғы шеңбер (өлең)

Дәлелдеп талаптану

Сәнденіп даламыз,

Сәулетті боламыз.

Сәулеңмен құлпырдың,

Сәлем, Күн анамыз.

Өлең айтылып болған соң, балалар сабаққа дайындалады.

Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі

1) Негізгі ұғымдарды бекіту

Тәрбиеші көп, аз, теңбе-тең, ұзынырақ, қысқалау сөздерінің мәнін түсіндіріп, мысалдар арқылы нақтылайды.

2) «Таңғажайып сәт»: Білгіштің тапсырмалары

  1. 1-тапсырма. Екі топқа берілген фигураларды салыстырып, қай топта көп, қай топта аз екенін анықтау.
  2. 2-тапсырма. Карточкадағы заттарды солдан оңға қарай санап беру.
  3. 3-тапсырма (дидактикалық ойын). «Қай пішінге ұқсайды?» — затты танып, сәйкес геометриялық пішінмен сәйкестендіру.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қоссам едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Рефлексия және қорытынды

Сабақ соңында тәрбиеші балалардан бүгінгі тақырып бойынша не түсінгендерін сұрап, жауаптарын толықтырады.

Балалар Білгішке алғыс айтып, оны шығарып салады. Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтап, нәтижесін бағалайды.

Күтілетін нәтиже

  • Аз, көп, теңбе-тең, ұзынырақ, қысқалау сөздерінің мағынасын біледі.
  • Ұжымдық және жеке жұмыс дағдылары қалыптасады.
  • Салыстыра білу, оң–сол ұғымдарын қолдану дағдылары нығаяды.

Назардағы сөздер

көп аз теңбе-тең ұзынырақ қысқалау ұзындығы бірдей артық — больше кем — меньше

Қосымша материалдар (тақырыптар)

Төмендегі бөлімдер — осы бағыттағы сабақтарды толықтыратын қосымша тақырыптар жинағы.

Биік–аласа, биіктігі бірдей

1 саны және сан белгісі

2 саны және сан белгісі

Енді–енсіз

3 саны және сан белгісі

Өзіне байланысты кеңістікті бағдарлау

Таң, кеш, күн, түн

Әр бағытта орналасқан заттарды санау

Алда–артта, оңда–солда

4 саны және сан белгісі

Куб

Шар

Заттардың ұзындығын бір белгі бойынша өлшеу

5 саны және сан белгісі

Сопақша

Сандық және ретімен санау

Сонша, теңбе-тең

Не үйрендік

Сиқырлы геометриялық пішіндер елі

Нешінші? Қайсы?

Алыс–жақын

Шапшаң, баяу, тез

Заттың енін салыстыру

Топтардың заттарын салыстыру

Таң–кеш, күн–түн