Қырық өтірік ертегісі
БҚО, Ақсай қаласы
№5 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Насретденова Анаргүл Елдосқызы
Пән / сынып
Әдебиет, 5-сынып
Сабақ тақырыбы
«Қырық өтірік» ертегісі
Керекті жабдықтар
- 5-сынып оқулығы
- Кері байланыс парағы
Қамтылатын тақырыптар
- «Қырық өтірік» ертегісі
- Ахмет Байтұрсынұлы — «Екі шыбын»
- «Тазша баланың тапқырлығы»
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Мақсаты
Ертегінің мазмұнын сұрау, басқа ертегілермен ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
- А: Ертегінің мазмұнын айта алады.
- Б: Басты кейіпкерге мінездеме береді.
- С: Өз ойын еркін жеткізеді, тапқырлыққа дағдыланады.
Әдіс-тәсілдер
СТО
Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар
Жаңа тәсілдер
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау
Сабақ барысы
Кіріспе
2 минут
- Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
15 минут
1-топ
«Керқұла атты Кендебай» ертегісін композициялық құрылысына талдау:
- Кендебайдың дүниеге келуі
- Керқұланың тағдыры
- Кендебай мен жетім бала
- Кендебайдың аралға баруы
- Кендебайдың биені күзетуі
- Ханның бұйрығы
- Кендебайдың бұйрықты орындауы
- Кендебай мен ханның бір-біріне қоятын шарттары
- Баланың ата-анасымен қауышуы
- Керқұла атты Кендебайдың еліне оралуы
Шығармашылық тапсырма
5 жолды өлең: «Батыр»
2-топ
Тапсырма
Венн диаграммасы: Кендебай және Ер Төстік
Тақырып және идея
- Тақырыбы:
- Керқұла атты Кендебайдың ерлік істері.
- Идеясы:
- Жақсылықтың жамандықты жеңуі.
3-топ
Кубизм әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді:
-
Сипаттама қай ертегіден?
«Ол өзгеше болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай, бір жылда жаңа өспірімдей алып бала болып өсіпті».
-
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінен үзінді. Кімнің сөзі?
«Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын».
- Ертегіде Қазанғаптың баласының аты қандай?
- Кендебайдың орнында болсаң, қозы баққан балаға қандай жақсылық жасар едің?
- «Керқұла атты Кендебай» қандай ертегі түріне жатады?
- Кендебайдың аты қалай аталады? Жылқы туралы мақал айт.
Тұсаукесер
3 минут
Талқылау сұрақтары
- «Өтірік» дегеніміз не?
- Өтірік айтуға бола ма?
Сабаққа кіріспе
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Қырық өтірік». Әңгімені топтарға бөліп беремін, тапсырма «әткеншек» әдісі арқылы орындалады.
Негізгі бөлім
10 минут
«Қырық өтірік» ертегісінің тууына себепші болған оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқы.
Сөздікпен жұмыс
5 минут
Мәтін бойынша жаңа сөздер мен тіркестерді анықтау, мағынасын түсіндіру және сөйлемде қолдану.
Қорытынды
5 минут
Үй тапсырмасы
- «Қырық өтірік» ертегісін оқып келу.
- Ертегіні бірнеше бөлімге бөліп, әр бөлімге тақырып қою.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілі арқылы қорытындыланады: екі күшті тұсы және бір жақсартуға арналған ұсыныс беріледі.