Бүйрек зәр шығару жүйесіндегі негізгі мүше

Сабақтың тақырыбы

Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Зәр шығару мүшелерінің құрылысын түсіндіру арқылы оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

  • Тәрбиелік

    Бүйректің құрылысы мен қызметін түсіндіру арқылы шығармашылық қабілеті дамыған, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру.

  • Дамытушылық

    Жеке тұлғаның қабілетін, белсенділігін және ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық: сыныптың қатысуын тексеру, оқу құралдарын реттеу, сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Алтын қақпа» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау.

1-кезең: «Тас қақпа»

Қайталау
  1. Энергетикалық алмасу дегеніміз не?
  2. Катаболизм мен диссимиляция ұғымдары нені білдіреді? Олардың айырмашылығы бар ма?
  3. Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергия қайда жұмсалады?

2-кезең: «Темір қақпа»

Талдау
  1. Ағза не себепті белгілі уақыт аралығында тамақтанады?
  2. Ересек адам тәулігіне орташа есеппен қанша энергия жұмсайды?
  3. Энергетикалық алмасу неше кезеңнен тұрады?

3-кезең: «Күміс қақпа»

Түсіндіру
  1. Энергетикалық алмасудың дайындық кезеңі дегеніміз не?
  2. Энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңі дегеніміз не?
  3. Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі дегеніміз не?

4-кезең: «Алтын қақпа»

Қорытынды
  1. 1 г көмірсулар мен нәруыздар ыдырағанда қанша энергия бөлінеді?
  2. 1 г май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді?
  3. Негізгі алмасу дегеніміз не?
  4. Жалпы алмасу дегеніміз не?

5-кезең: «Алтын сандық»

Слайдтағы сызбанұсқаға сүйене отырып, зат алмасу үдерісін жүйелі түрде түсіндіру.

III. Жаңа сабақ: «Білім ауылы»

Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелер

Бүйрек

Су, тұздар, зат алмасудың қалдық өнімдері, бөгде және улы заттар шығарылады.

Тері бездері

Су мен тұздар бөлінеді.

Өкпе

CO2, H2O және ұшқыш заттардың (эфир, хлороформ) булары шығарылады.

Тоқ ішек

Өт пигменттері және ауыр металдардың тұздары (мысалы, кальций тұздары) шығарылады.

Зәр шығару жүйесінің құрамына кіреді

  • 2 бүйрек
  • 2 несепағар
  • қуық
  • зәр шығару өзегі

Негізгі ұғымдар

Негізгі мүше
Бүйрек — зәр шығару жүйесіндегі негізгі мүше.
Құрылымдық және қызметтік бірлік
Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі — нефрон.

Бүйректің қызметтері

1) Сүзгіштік

Бүйректің ең маңызды қызметі — қанды сүзу.

2) Құрамды реттеу

Қан мен басқа да сұйықтықтардың құрамын реттейді.

3) Зәр түзу

Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

4) Ішкі ортаның тұрақтылығы

Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтауға қатысады.

5) Су-тұз алмасуы

Су мен тұз мөлшерін реттейді.

6) Осмостық қысым

Қандағы тұз концентрациясын және жасушааралық сұйықтықтың осмостық қысымын реттеуге қатысады.

IV. Бекіту: «Жұмбақ тас» ауылы

Оқушылардың түсіну деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар.

1-тапсырма

Зәр шығару жүйесінің мүшелерін атаңыз.

2-тапсырма

Сәйкестігін табыңыз (слайдтағы сызбанұсқа бойынша).

3-тапсырма

Слайд бойынша тиісті нөмірлерді белгілеңіз.

4-тапсырма

Нұсқар арқылы дұрыс жауаптарды суретпен байланыстырып, бүйрек қызметтерін таңдаңыз.

Үйге тапсырма

  • Зәр шығару мүшелерінің құрылысын оқу.
  • Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын талдап, қорытынды жасау.