Байбосын Тамабаевтың өмірден кеткеніне 100 жылМақсаты: Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне қатысқан Байбосын Тамабаев туралы мәлімет беру

Байбосын Тамабаевтың өмірден өткеніне 100 жыл

Бұл материал 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Байбосын Тамабаев туралы мағлұмат беруге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және тарихи сананы нығайту арқылы ұлтжандылық пен патриоттық тәрбие қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Байбосын Тамабаев туралы мәлімет беру.
  • Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын арттырып, қызығушылығын ояту; ойлау, сөйлеу және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
  • Қазақ халқының тарихын таныта отырып, ұлтжандылық пен патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Гимн орындау.
  • Оқушыларды түгендеу.

Шаттық шеңбері

«Болайықшы осындай» (А. Меңжанова)

Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.

Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым-ай!

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

II. Негізгі бөлім

Әңгімелеу

Байбосын Тамабаев 1856 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Үлкен Алматы болысының I ауылында (Қаратөбе) дүниеге келген. Ол Жетісудағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылды.

Тегі Ұлы жүздің Дулат–Ботбай–Жаңғойлық атасынан шыққан.

1898–1900 және 1901–1903 жылдардағы сайлауларда өзі тұрған Үлкен Алматы болысының Қаратөбедегі №1 ауылына би болып сайланды. 1904–1906 жылдары осы болыстың болыс басқарушысы қызметін атқарды.

Тарихи контекст

1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасы І Николай 19 бен 43 жас аралығындағы бұратана халықты тыл жұмысына алу туралы Жарлық жариялады. Байбосын Тамабаев осы Жарлыққа қарсы халықты үндеп, топ ұйымдастырды.

Топ құрамындағы тұлғалар

  • Жүсіп Бабаев
  • Қораласбай Шобалов
  • Әлсейіт Байғабатов
  • Жұмәділ Ақымжанов
  • Еспай Кереев
  • Омар Нартбаев және т.б.

Қайғылы аяқталу

Байбосын Тамабаев 1916 жылы 30 тамызда Верный қаласының округтік дала сотының шешімімен өлім жазасына кесілді. Іс бойынша Жетісу облыстық әскери штабының капитаны Ильинский және №1739 істі жүргізуші прапорщик Гаврилов қол қойған өкім негізге алынды. 1916 жылы 9 қыркүйекте ол Бекболат Әшекейұлымен бірге Боралдай жотасында дарға асылды.

III. Қорытынды

Дәйексөз және талқылау сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не туралы білдік?
  • Мектебіміз кімнің атымен аталған?
  • Байбосын Тамабаев кім болған?

Дереккөз

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы, «Б. Тамабаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бастауыш сынып мұғалімі — Жалғасова Лаура Сайлаубаевна.