Мағжанның сөзі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
8-сынып
Сабақ тақырыбы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы (үзінді негізінде)
Сабақ түрі
Сараптама (талдау) сабағы
Әдіс-тәсілдер
Зерттеу, зерделеу, түйіндеу
Пәнаралық байланыс
Тарих, өзін-өзі тану
Көрнекілік
М. Жұмабаев шығармалар жинағы, интерактивті тақта: слайдтар, кестелер, сызбалар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
«Батыр Баян» поэмасынан алынған үзінді арқылы әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеп, оқушы білімін тереңдету.
Дамытушылық
Зерттеушілік қабілетті дамыту; еркін ойлау және сауатты, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру; өздігінше жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік
Туған тілін, елін, жерін, халқын, тарихын қадірлеуге баулу; жас ұрпақтың елжандылық сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сабақ мақсаттарымен таныстыру.
II. Жаңа сабақ
Ескерту: оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді алдын ала жинап, кесте түрінде дайындап келу тапсырылды.
Мағжан туралы ойлар: замандастар бағасы
Мағжан, ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне де әсер етеді. Мағжан не жазса да — сырлы, көркем, сәнді. Оқушы жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.
Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қарапайым ауылынан шығып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып келгендей әсер қалдырады. Мағжан — мәдениеті зор ақын. Бүгінгі қаламгерлердің ішінде келешекке бой ұрып, ертеңгі күнге анық қалуға жарайтын сөз — Мағжанның сөзі.
Мағжанның тұлғалық қырлары
Өмірдерек және шығармашылық жолы
1893
25 маусым. Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М. Жұмабаев ауданы, Мағжан ауылында дүниеге келді.
1897
Әкесі Бекен ашқан ауыл мектебінде 4 жасынан бастап оқыды.
Қызылжар
Медреседе 4 жыл оқып, араб, парсы, түрік тілдерін үйренді.
1910–1912
Уфадағы «Медресе-Ғалияда» оқыды. Татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресе шәкірті Бейімбет Майлинмен танысты.
1912
Қазан қаласында тұңғыш жинағы — «Шолпан» жарық көрді.
1913–1917
Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды (Сібір университеті атанған оқу ордасы).
1917
Алашорда партиясының құрылтай съезіне қатысты. Омбыда құрылған Ақмола облыстық үкіметінің оқу комиссиясына мүше болып сайланды.
1919
Қызылжардағы «Бостандық» газетінде редактор болып қызмет атқарды.
1922
Ташкентке келіп, «Ақ жол» газетінің, «Шолпан» және «Сана» журналдарының жұмысына белсене араласты. Бұл кезең — шығармашылығының өнімді жылдары. Ташкенттегі Қазақ-қырғыз институтында сабақ берді.
1924
Мәскеуде оқитын қазақ жастары ақын өлеңдерін талқылап, түрлі айыптаулар тақты. Қауіп күшейген тұста Мағжан Ташкенттен Мәскеуге келіп, «Күншығыс» баспасында аудармашы болды.
1924–1927
Мәскеудегі В. Брюсов атындағы Көркем әдебиет институтында білім алды.
«Батыр Баян» поэмасына кіріспе
Бұл сабақта М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзінді негізінде әдебиет пен тарихтың тоғысуы талданады. Нысана — көркем мәтіндегі тарихи таным, авторлық идея және ұлттық рух мәселелері.