Бәрекелді балалар рахмет
Қош келдің, Әз Наурыз! Залда әсем әуен ойнап тұрады. Мәди жүгіріп кіріп: «Құтты болсын, Наурыз!» — деп шаттанады. Артынша әсем әуен ырғағымен бір топ балалар билеп кіреді.
Мерекені ашу
Тәрбиеші: «Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні — Наурыз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!»
Алғыс пен марапат
Балабақша ішінде өткен көрмеге белсене қатысқан ата-аналарға алғыс білдіріледі. Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған «Шабыт» сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне белсене қатысқаны үшін Исмагулов (Ильина Екатерина) отбасы марапатталады.
Қонақтарды қарсы алу
Тәрбиеші: «Ендеше, мектеппен сабақтастық болғандықтан, ортаға мектеп алды даярлық тобын шақырайық. Ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы алыңыздар!»
Шашу
Тәрбиеші: «Шашу, шашу! Сәлем бердік, біз сізге!»
Тәрбиеші: «Рақмет, төрлетіңіздер. Наурыз — жыл басы, Наурыз — қуаныш мерекесі!»
Ән мен көрініс
Ән: «Тұлпарым»
Ұлдардың орындауында.
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар! Рахмет!»
Көрініс
Қонақтар өз өнерлерін ала келіпті — тамашалайық.
Тәрбиеші: «Рахмет сіздерге, тамаша!»
Наурызға арналған тақпақтар
Жалпы өлең
Баяу самал еседі,
Сиқырлы қобыз секілді.
Үлкендер де, жастар да
Наурызға асығып келеді.
Келіңіздер, келіңіздер!
Бәйге мен айтыс болады,
Осы мейрамда көрсетіңдер,
Бойдағы бар өнерді.
Мәди
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Сәлімгерей
Кел, балалар, ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Аяри
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Мирас
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз.
Тәтті болып жасалған
Көжеден дәм татамыз.
Тәрбиеші: «Бәрекелді, балалар! Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер!»
Ойындар мен билер
Ойын: «Күш сынасу»
Тәрбиеші: «Ал енді күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін байқатуға уақыт келді!»
Би: «Көкпар»
Мың бұралған бишілердің орындауында.
Би: «Домбыра»
Мың бұралған қыздардың орындауында.
Ән: «Құлыншақ»
Мектеп алды даярлық топ балаларының орындауында.
Тәрбиеші: «Рахмет, жарайсыңдар!»
Ойын: «Аса таяқ»
Ойын шарты: балалар шаттық шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші ән әуені басталғанда балаларды айналып жүріп, екі баланың арасына аса таяқты тастайды. Сол сәтте екі бала тұрып, әуенмен шеңбер бойымен жүгіріп, кім бірінші болып аса таяқты алса — сол жеңімпаз атанады.
Тәрбиеші: «Ой, қандай керемет ойнайсыңдар! Рахмет!»
Қорытынды
Келесі кезекті ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз көктем» әніне береміз (балалардың орындауында).
Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет айта отырып, дастарханға Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы құтты болсын!