Үлгілі тәртіпті бала

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Мыңжанова Далухан

Сабақтың тақырыбы

«Жолда жүру ережесін білесің бе?»

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды жол жүру ережелерімен таныстыру.
  • Түстер туралы білімдерін іс жүзінде қолдану дағдыларын жетілдіру.
  • Жолда жүру ережелерін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Бағдаршам Жол белгілері Алатаяқ Көше бейнеленген суреттер

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру Сұрақ-жауап

I. Ұйымдастыру

Жол тәртібін сақтаймыз,
Әдептен біз аспаймыз.
Оң жағымен көшенің,
Жүруді есте ұстаймыз.
Жан-жағымызға сақ қарап,
Бағдаршамға тоқтаймыз.

II. Кіріспе сөз

Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынасы ережелері енгізілген. Бұл ережелерді оқушылар да, ересектер де, көлік жүргізушілері де бұлжытпай орындауы керек.

Жолдағы қауіпті жағдайлар көбіне балалардың жол бойында қалай болса солай жүруі, қозғалыстағы көлікке жабысып жүруі немесе қалтарыстан кенет шыға келуі салдарынан орын алады. Жол тәртібін бұзғандар түрлі қиын жағдайға тап болады.

Сондықтан жолда жүру ережелерін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды шығару маңызды. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жол жүру ережесін бұзбайды.

Сұрақ

Қандай бала ережені бұзбайды?

Үлгілі, тәртіпті бала.

Өлең

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атты гүлдей үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Балзия

Өлең

Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі — заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

Енді жолда жүру ережелері туралы не білетінімізді еске түсірейік.

III. Жол белгілерімен таныстыру

1) Ескерту белгісі

Қып-қызыл бұрышты —
Ескерту белгісі мен болам.
«Қауіптен сақ бол» деп,
Сәт-сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлікте де —
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

2) Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберлер аумақта —
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты!
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге,
Қауіп бар: бағдарла, көз сал жан-жағыңа.

3) Міндеттеу белгісі

Белгімін көрсетер жылдамдықты, бағытты,
Міндетті бұрылыс — әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда:
Абай бол, шартымды міндетті орында!

4) Нұсқау белгісі (көрсеткіш)

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш, шырағым.

5) Тайғанақ жол

Бұл белгіде тайғанақтап бара жатқан машинаның таңбасы бейнеленеді.

Бұл белгі орнатылған жерде балалардың жолдан аса мұқият өткені дұрыс, себебі көлік тайғанап кетуі мүмкін.

Ескерту:

Толық нұсқасын жүктеу.