Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі
Сабақтың тақырыбы
Александр Македонскийдің Орта Азияға жорығы
Сабақтың мақсаты
- Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күрестегі ерлігін, тәуелсіздік жолындағы күрестің даңқты басшысы Спитаменнің ерлігін баяндау.
- Ұлы қолбасшы Александрдың алғырлығы, тапқырлығы мен батылдығын талдай отырып, оқушыларды ержүрек, батыл болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа ұғымды меңгерту
- Сабақтың әдісі
- Баяндау, сұрақ-жауап, картамен жұмыс, топтық жұмыс, СТО технологиясы
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Көрнекілігі
- Карта, слайдтар, тапсырмалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, топтарға бөлу, жұмыс ережесін нақтылау.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ 1
Парсы патшалығы қалай құрылды?
Сұрақ 2
Ежелгі парсылар мекендеген жерлерді атап, картадан көрсетіңдер.
Сұрақ 3
Парсы тайпаларын қандай ру көсемдері басқарды?
Сұрақ 4
I Дарий қай жылы таққа отырды және оның енгізген жаңалығы қандай болды?
Сұрақ 5
Парсылардың ең көрнекті әдеби шығармасы қандай? Бұл шығармада уағыздалатын дін қалай аталды?
III. Қызығушылықты ояту
- Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан үзінді арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.
- «Тұлғаны таны» әдісі: тарихи тұлға туралы бастапқы болжамдар құру.
IV. Мағынаны тану
Александр кім болған? Бұл сұраққа жауапты тарихи ұлы тұлғаға мінездеме беруден бастаймыз. Александр — ежелгі Шығыстың көптеген мемлекеттерін жаулап алып, бағындырған ұлы қолбасшы. Қазақ дәстүрінде ол Ескендір деген атпен танылады.
Бала күнінен-ақ Александр әкесі Филипптің және оның нөкерлерінің көзінше асау атты ауыздықтап, көпшілікті ептілігімен және ержүректігімен таң қалдырған.
Филипп патша баласын құшақтап тұрып:
«Ұлым-ай, өзіңе шақ патшалық ізде, Македония саған олқылық етер» — деген екен.
Әкесінің осы сөзінен нені байқауға болады? Ойларыңды нақты дәлелмен тұжырымдаңдар.
V. Мағынаны ажырату
Әдеби үйірме жұмысы: жоспар бойынша мәтінді екі топқа бөліп оқып шығып, мазмұнын талдау.
«Рөлдік ойын» форматы арқылы әр оқушы өз міндетін атқарады.
1) Баяндаушы — тарихшы
Мәтін мазмұнын жүйелі баяндап береді.
2) Ізденуші
Тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат жинайды.
3) Сұрақ құрастырушы — журналист/тілші
Талқылауға арналған сұрақтар дайындап, пікір алмасуды жүргізеді.
4) Суретші
Сол дәуірдің өмірін немесе негізгі оқиғаларды қағаз бетіне бейнелейді.
5) Сөз тапқыш (терминдер мен жаңа сөздер)
Терминдер мен жаңа ұғымдарды анықтап, түсіндірме береді.
6) Дәнекер
Негізгі оқиғаларды қазіргі өмірмен байланыстырып, қорытынды ой ұсынады.
Екі топта да мүшелер өз рөлі бойынша тақырыпты түсіндіріп, кезекпен ортақ талқылауға қатысады.
VI. Жеке тапсырмалар
«5 жолды өлең» әдісі
Зат есім
Александр Македонский
Сын есім
батыл, қатыгез
Етістік
жаулап алды, барды, жойды
Мағыналы 4 сөз
Македонский шығысқа бет алды
Синоним
қолбасшы