Мәтінді мәнерлеп оқу

Сабақ тақырыбы

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.

Сабақтың типі

Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын

Көрнекілік

  • Суреттер
  • Жануарлар топтамасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Жануарлар және олардың тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Жануарлардың өсімдіктер сияқты алуан түрлі болатынын ұғындыру.
  • Жануардың тірі ағза екенін және оған қажетті жағдайлардың маңызын түсіндіру.

Дамытушылық

  • Тәжірибе, бақылау арқылы оқушының танымын кеңейту, қызығушылығын ояту.
  • Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
  • Тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

  • Қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру.
  • Жануарларды қорғауға, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Түсінік айтуға дайындалу.

Білімді белсенді меңгеруге дайындық

Адам

Өсімдік

Жануар

Жаңа сабақ

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
  • Жануар — тірі табиғаттың маңызды бөлігі.
  • Жануарлардың көптүрлілігі.

Мәтінмен жұмыс (оқулық)

  • Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелеу.
  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Кезекпен дауыстап оқу.
  • Тізбектей оқыту.

Негізгі мазмұн

Жануарлар — тірі табиғаттың маңызды бөлігі. Олар көбіне өсімдіктер өсетін жерлерді мекендейді. Мұның себебін өзің еске түсіріп көр.

Жануарлардың бір тобы — жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.

Жануарлардың екінші тобына түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары жатады. Оларды мал деп те атайды. Малды адам қолда бағып, өсіреді.

Жабайы аңдар да, үй жануарлары да төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды сүтқоректі жануарлар деп атайды.

Теледидардан жануарлар туралы бағдарламаларды қарап, жабайы аңдардың тіршілігін бақыла. Олар да ұрпақ өрбітіп, төлдерін жанашырлықпен бағып-қағады, азық тауып береді, есейгенше қорғайды.

Ал үй жануарларының тіршілігі оларға қарағанда жеңілірек пе? Неліктен?

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін сергіту.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Дала жануарларын неге жабайы аңдар дейміз? Өзің білетін жабайы аңдарды ата.
  2. Жабайы аңдардың пайдасы туралы айт.
  3. Үй жануарлары туралы әңгімеле. Олардың пайдасы жөнінде айт.

Жұмбақтар

Жұмбақтардың шешімдерін суреттерден тап.

Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.

Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.

Ескерту

Қажет болса, оқушыларға жұмбақтардың мүмкін жауаптарын талқылап, дәлел келтіруді ұсын.