Киев қаласы қай мемлекетте
Сабақ тақырыбы
Адамның досы
Сабақ типі
Жаңа сабақ.
Негізгі бағыт
Әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты меңгерту және мәтіннің түпкі ойын анықтау.
Құндылық
Адамгершілікке, адалдыққа, қарапайымдылыққа және сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақ мақсаттары
Білімділік
- Әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, жаңа сабақты меңгерту.
- Мысалды оқи отырып, негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
- Тілдік және сөздік қорын молайту.
- Өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе білуге үйрету.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Адамгершілік пен адалдықты қадірлеуге тәрбиелеу.
- Қарапайым, сыпайы болуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім мен оқушылар амандасады: «Сәлеметсіздер ме! Қайырлы күн!»
Психологиялық дайындық
«Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?» Оқушылар көңіл-күйлерін бет-әлпеттері арқылы көрсетеді.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақтадағы ілінген түсті дөңгелектерді ашып, сабақ тақырыбын шығарады: Адамның досы
Сұрақтар
- Қыздың аты кім?
- ЭЕМ дегеніміз қандай сөз?
- Сирена деген не?
- Киев қаласына немен бармақ болды?
- Киев қаласы қай мемлекетте орналасқан?
- ЭЕМ не істей алады?
- Ұшақтың ұша алмайтынын немен хабарлады?
- Сағат нешеге дейін билет сатылмайтын болды?
- ЭЕМ неліктен «ақылды көмекші» деп аталды?
- Сирена қандай болды?
- Қандай есептегіш машиналарды білесіңдер?
3) Жаңа сабақ
Әр топ мәтінді мақсат қоя отырып оқиды және берілген тапсырманы орындайды.
1-топ
Әңгімедегі Балғынға мінездеме беріңдер.
2-топ
Балғынның әкесі қандай адам?
3-топ
Мәтінде кітап туралы не айтылған?
4) «Қытайша десерт» әдісі
Берілген мәтін бөліктерін ретімен орналастырып, мәтінді тұтас күйінде құрастырыңдар.
Сергіту сәті
Қарлығаш боп ұшайық,
Қане қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
5) Топтық жұмыс
1-топ
Шағын шығарма жазыңдар.
2-топ
Кітапты құрметтеуге байланысты қандай ережелерді білесіңдер? Өз ережелеріңді құрастырыңдар.
3-топ
Білім мен кітап туралы мақал-мәтелдерді теріп жазыңдар.
6) Коллаж
Берілген суреттердің ішінен тек мәтін мазмұнына қатысты суреттерді іріктеп алып, ватманға жапсырыңдар. Қажет емес суреттер қолданылмайды.
7) «Бес жолды өлең»
5 жолды тұжырымдама үлгісі бойынша құрастырыңдар:
- 1-сөз: Кім? Не?
- 2-сөз: Қандай?
- 3-сөз: Не істейді?
- 4 сөзден тұратын сөйлем
- Тақырыптың синонимі
8) Бағалау
Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстары бағаланады.
9) Рефлексия
Тақтаның екі жағына күн және бұлт суреттері ілінеді. Оқушылар стикерге өз пікірін жазып, сабақ ұнаса — күннің астына, ұнамаса — бұлттың астына жапсырады.
Күн
«Ұнады» пікірлері.
Бұлт
«Ұнамады» пікірлері.