Қара жорға Ана тілі жайлы өлең шумағын құрау

Сымбат жеке мектебі · Бастауыш сынып

Курмалова Асель Агисовна

Педагогикалық өтілі: 20 жыл «Білімді ұрпақ — ел тірегі»

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алған білімін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту; ана тілін сүюге және қадірлеуге баулу; адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; ата-бабаларымыздың ұлағатты сөздерін түсіндіріп, одан ғибрат алуға үйрету.

Сабақ барысы

Кіріспе

Көңілді әуен ойнап тұрады

Армысыздар, құрметті оқушылар, қонақтар, әділқазылар алқасы!

«Білімді ұрпақ — ел тірегі!» атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.

Жылы лебіз

Уа, жараңдар, жараңдар,

Кәне, бері қараңдар.

Білімімізді сынайық,

Риза болып қош болыңдар.

Бар білімімізді ортаға салып, өнерімізді әсем әнмен, көңілді күймен өрнектейік. Біліміміздің молайғанын, сөз байлығымыздың тереңдегенін көрсетейік.

Жүргізушінің сөзі

Ұлы Отан борышын ақтаймыз деп,

Жалындап жанамыз, жатпаймыз тек.

Көк ту жанында ант бердік —

Әкелер дәстүрін сақтаймыз деп.

Күшімен төгілер теріміздің,

Ырысын тасытар жеріміздің.

Ол үшін жастарымыз келешекте

Атағын асырар еліміздің.

Алмас қылыш тегін жатпас қынабында,

Ал, ұл-қыздар, аянбаңдар арында.

Желпіндіріп мына отырған қауымды,

Алда болып, оттай жанып лаулаңдар!

Ойын форматы

Ойынымыз жарыс түрінде өтеді. Тапсырманы бірінші болып орындаған топ алдарындағы дыбыс бергіш құралды басады. Әр дұрыс жауап үшін бір асық беріледі.

  1. 1 Топтарға бөліп отырғызу.
  2. 2 Ребус арқылы топ атауын анықтау.
  3. 3 Екі топ: «Білгіштер» және «Ойшылдар».
  4. 4 Ұрандарын айту (эмблеманы тапсыру және қорғау).
  5. 5 Әділқазылар алқасын сайлау.
  6. 6 Топ басшыларын сайлау.
  7. 7 Ойын кезеңдерін бастау.

Топ ұрандары

«Білгіштер» ұраны

Ойлаймыз, ойнаймыз,

Қандай қиындық болса да,

Жеңбей оны қоймаймыз.

«Ойшылдар» ұраны

Отанның ұл-қызымыз,

Гүліміз қырмызы.

Біздерді күтеді

Аспанның жұлдызы.

Әділқазыларға өтініш

Білім, өнер, алғырлықты,

Әділқазы, көріңіз.

Қара қылды қақ жарар

Әділ баға беріңіз.

Ойын кезеңдері

Математика

Жұмбақ

Уа, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Математикалық жұмбақ шешіп,
Бір серпіліп алайық.

Алпыс төрт бөлмеде,

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара қылып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғындар.

Халық үшін де, жан үшін де

Бермейді олар намысын.

Жауабы: Шахмат

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Жауабы: Сызғыш

Ана тілі

Сөз өнері

Ғасырлар бабам жазғанын

Шашып алсам, кім болам?

Ана тілі — арым, иманым,

Айырылсам, берер кім маған?

Ақын-жазушылар туралы сұрақтар қойылады. Оқушылар тіл туралы өлең, жырларды әуенімен орындайды.

Тіл туралы ой

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, ата-мекенін қалай сүюімен және ана тілін қалай меңгеруімен өлшенеді.

Алаштың біртуар Абайы: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі, өзі де есті болады», — деп тегін айтпаған.

Ат жүйрігі — асқа, тіл жүйрігі — басқа. Тілдің алмайтын қамалы жоқ.

Ана тілі — асыл үні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

Жаңылтпаш сайысы

Музыкалық үзілістен кейін

Заманның лебімен жел есетін,
Келді ғой кезек, міне, кездесетін.
Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп,
Жаңылып, қыран-топан күлісетін.

Сызық сызып, қызық сызды,

Қисық сызып, бұзып сызды.

Жоғалды бес шыбын,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Мақал-мәтел және өлең оқу

Мақал-мәтелдер

  • Басқа пәле — тілден.
  • Ақылы қысқаның тілі ұзын.

Тіл туралы өлең оқу сайысы

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тіліңде жыр оқу — бақыт қандай!

Жан дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай.

Музыкалық үзіліс

«Қара жорға»

Шығармашылық тапсырма

Ана тілі туралы өлең шумағын құрау

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Керек емес өзгенің өлшемінің.

Айбарлы елдің ұлымын, ай таңбалы,

Кейіпкері емеспін ертегінің.

«Ойлан тап» жұмбақтары

Ымырт түссе шығамын,

Таң атқанда батамын.

Көк теңізде шашылып,

Көзімді ілмей жатамын.

Жауабы: Жұлдыз

Бір үйге көзсіз боп

Басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың.

Жауабы: Мектеп

Қорытынды және марапаттау

Әділқазылар алқасы қорытынды жасап, жеңімпаздарды марапаттайды. Алғыс хаттар табысталады.

Құрметті оқушылар, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз аяқталды.

Жүрегіміз ел ертеңін ойлайды,

Тілегіміз болашақты болжайды.

Ұлылар да ұрпағымен жаңарар,

Ал ұрпақсыз ешбір халық болмайды.

Білімді, ойлы азамат болып өсіңдер! Еліміздің тірегі — сендерсіңдер. Біз болашағымызға сеніммен қараймыз.