Сабақтың барысымен таныстыру
Пәні: Математика (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Пысықтау (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту).
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, суреттер, өрнектер.
Сабақтың мақсаттары
-
10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін пысықтау және қайталау; санды өрнектер құрастыру, сандарды салыстыру, есеп шығару дағдыларын бекіту.
-
Ойын есептері арқылы оқушылардың ойлауын дамыту, белсенділігін арттыру.
-
Тапқырлыққа, алғырлыққа және танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа назар аударту
Қане, қолды қояйық,
Дәптер, қалам алайық.
Жалқауланбай бүгінде,
Сабаққа ден қояйық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Ауызша тексеру
Оқулық: 138-бет, №5 тапсырма. Тапсырма ауызша орындалып, жауаптары тексеріледі.
3) Жаңа сабақ
Ойын арқылы бекіту
Сабақтың құрылымы: үш қақпа
1) Тас қақпа
Қоянның тапсырмасы
2) Күміс қақпа
Аюдың тапсырмасы
3) Алтын қақпа
Арыстанның тапсырмасы
Алтын қақпаға жеткен оқушыларға алтын кілт беріледі. Бағалау белгісі ретінде шаршы және жұлдызша қолданылады.
Тас қақпа
«Сәбіз жинау» ойыны
Оқушылар шашылып жатқан сәбіздерді «жинап», тапсырманы орындайды. Мақсат — қақпаны ашу үшін теңсіздіктерді дұрыс құру.
№1 тапсырма
Өрнектерді пайдаланып теңсіздіктер құрыңыз:
- 5 + 4
- 8 + 2
- 6 − 3
- 9 − 5
- 2 + 4
- 4 + 3
Тапсырма орындалған соң, Тас қақпа ашылып, келесі кезеңге өтеді.
Күміс қақпа
Математикалық диктант
Оқушылар жауаптарын дәптерге жазады.
- 2 мен 3-тің қосындысы
- 3 пен 3-тің қосындысы
- 6 мен 4-тің қосындысы
- 8 бен 2-нің қосындысы
- 10 мен 3-тің айырмасы
- 5 пен 2-нің айырмасы
- 9 бен 1-дің айырмасы
Диктант аяқталған соң, Күміс қақпа ашылып, келесі қақпаға өтеді.
Алтын қақпа
Қорытынды бекіту және шығармашылық
1-тапсырма
Оқулық: 139-бет, №2 тапсырма. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, жазу.
Сергіту сәті
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай.
2-тапсырма
«Ойлан, тап» ойыны (шығармашылық тапсырма).
1) Амал таңбаларын қой:
5 □ 4 □ 3 □ 2 □ 1 = 5
5 − 4 + 3 + 2 − 1 = 5
2) Логикалық тапсырма:
Шаршыға 1, 2, 3, 4 цифрларын әрбір жолында және бағанында бірдей цифрлар қайталанбайтындай етіп орналастыр.
Барлық тапсырмалар орындалған соң, Алтын қақпа ашылады. Мақсатқа жеткен оқушылар «алтын кілтпен» марапатталады.