Бүгінгі айтқалы отырған жазушы Тілеухан Жұмахановтың өмірімен шығармашылығы туралы ойларыңыз сәтті шықсын

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қамбарова Сағира Лаубайқызы

Білікті маман, баспагер-энциклопедист, жазушы Тілеухан Жұмахановтың өмірі мен шығармашылығы

«Парасат биігінен көз жазбаған қаламгер» тақырыбындағы конференция материалдары.

Мақсаты

Жазушы Тілеухан Жұмахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру; оқушылардың білім көкжиегін кеңейту; ұлы тұлғаның еңбектеріне құрмет пен мақтаныш сезімін ояту.

Міндеттері

Білімділік

Жазушы шығармаларының тақырыптарын және олардың өзіндік ерекшеліктерін таныту.

Дамытушылық

Өз бетімен ізденуге, ой түюге дағдыландыру; пікірді еркін әрі нақты жеткізуге үйрету; тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру; шығармашылық жұмыс арқылы танымды тереңдету; ұлтын, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • 1 Интерактивті тақта
  • 2 Жазушы шығармалары
  • 3 Баяндамалар (докладтар) топтамасы
  • 4 Сұрақ-жауап және талдау материалдары

Конференцияның барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Жұмыс тәртібімен таныстыру, қатысушылардың келуі.

  2. 2

    Қатысушыларды тіркеу

    Тіркеу, секцияларға бөлу.

  3. 3

    Мәжілістің ашылуы

    Құттықтау сөз, мақсат-міндеттерді айқындау.

  4. 4

    Пленарлық мәжіліс

    Негізгі баяндамалар, пікір алмасу.

  5. 5

    Үзіліс

    Қатысушылардың демалысы және бейресми талқылау.

  6. 6

    Секциялар жұмысы

    Тақырыптық баяндамалар, талдау, сұрақ-жауап.

  7. 7

    Қорытынды пленарлық мәжіліс

    Қорытындылау, резолюция қабылдау.

Баяндама регламенті

Пленарлық баяндама

7–10 минут

Секциядағы баяндама

5–7 минут

Жарыссөз

3 минут

Құттықтау сөз

Құрметті 10-сынып оқушылары және конференция қонақтары! Бүгінгі жиынымыз Сыр өңірінің азаматы, ойшыл, дарынды аудармашы, баспагер, көрнекті жазушы Тілеухан Жұмахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

«Тарихи сана арқылы ұлттық сана қалыптасады, ұлттық сана арқылы ұлтжандылық, отаншылдық, патриотизм қалыптасады».

Баршаңызға ізденіс пен ой қорытуда табыс тілейміз. Бүгінгі талқылаулар ұлтжандылық пен отаншылдық сезімін тереңдетуге ықпал етсін.

Баяндамалар тақырыптары

1) Тілеухан Жұмаханов — қазіргі зиялылар ортасында дара тұлға

Оқитын: Қожақ Гүлдана

2) Тілеухан Жұмаханов — көркем-әдеби және ғылыми-танымдық кітаптардың авторы

Оқитын: Мыңтай Ақмаржан

3) «Қазақстан» көптомдық энциклопедиялық еңбектері: ойшыл-энциклопедист мұрасы

Оқитын: Қалмырза Нұрсұлу

4) «Қасым хан» тарихи баяны — әдебиетіміздегі орны бар шығарма

Оқитын: Кеңес Абай

5) Тілеухан Жұмаханов — талантты аудармашы

Оқитын: Роллан Нұргүл

Қорытынды ой

Тілеухан Жұмаханов — көрнекті жазушы, журналист, баспагер. Ол әдебиет, өнер, тарих, философия мәселелеріне ғана емес, жаратылыстану салаларына да жан-жақты қанық білімдар тұлға ретінде танылды. Бар күш-қайратын жұрт жұмысына, ұлт қамына арнады: руханиятымызға олжа болған төл энциклопедияларды жарыққа шығаруға еңбек сіңірді, жас ұрпаққа көркем мұра қалдырды.

Оның ерекшелігі — пікірін қандай жағдайда да ұлттық мүдде тұрғысынан айтуы. «Қазақстан» энциклопедиясына сіңірген еңбегі, мәдениеттану, әдебиеттану, тарих салаларына арналған анықтамалықтары — ұлттық нақышымен дараланған құнды дүниелер. Жазушы қарапайым, кішіпейіл, ақжарқын, мейірімді азамат болған. Оқырманы оны ерекше құрмет тұтады.

Түйін

Бұл материалдар — Тілеухан Жұмаханов тұлғасын тануға бағытталған ізденіс пен талдаудың үлгісі. Оның энциклопедиялық еңбектері, көркем шығармалары және азаматтық ұстанымы оқушыға да, оқырманға да ой салады: ұлттық мүдде, білімге адалдық, сөз мәдениеті, еңбек сапасы — ұрпаққа қалатын ең қымбат мұра.