Абайдың достары кім

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыту, мазмұны мен мағынасын терең түсіндіру. Өлеңде адамның ең үлкен қазынасы — ғылым, білім, өнер екені айтылатынын ашып көрсету, бұл туындының кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде жазылғанын түсіндіру және ақын шеберлігін таныту.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушы жүрегінде Абайға деген сүйіспеншілікті ояту, ғылым мен білімге ұмтылуға бағыттау.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тіл дамыту.

Көрнекіліктер

Абайдың портреті, шығармалары жинақталған кітап көрмесі.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту, оқушылардың дайындығын тексеру.

ІІ. Психологиялық даярлық

«Жүректен жүрекке» шағын сергіту сәті.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Слайд бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Абай кім? Қазақ халқының ұлы ақыны.
  2. Қай жылы, қай жерде туған? Семей өңірінде, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.
  3. Абайдың достары кімдер? Михаэлис, Долгополов.
  4. Қандай шығармаларын білесіңдер? «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» және т.б.
  5. 5-сыныпта осы өлеңдермен таныстыңдар. Естеріңде ме? Оқушылардан мысал келтіріп айту сұралады.

IV. Жаңа тақырып

Эпиграф

«Абай — ақындардың ақыны»

С. Торайғыров

Ұлы ақын Абай өзінің бірқатар өлеңдерін жастарға арнаған. Бүгін талданатын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі — кейінгі ұрпаққа арналған өсиет. Ақын бұл туындысында адамның ең үлкен қазынасы ғылым, білім, өнер екенін айқындап, жастарды саналы ізденіске шақырады.

V. Сөздік жұмысы

Жаңа сөздерді түсіндіру және бекіту.

Ғылым

наука

Мақтанба

не гордись

Ойнап босқа күлуге

время нельзя без толку проводить

Баптанба

не успокаивайся

Қашық бол

остерегайся

Тілеуің, өмірің алда

вся жизнь впереди

Терең ой

глубокая мысль

Талап

стремление, требование

Қанағат

довольствоваться малым, скромность

Болмасаң да ұқсап бақ

подражать, быть похожим

Жамандықтан жиренсең

отрекаться от плохого

VI. Оқулықпен жұмыс

  • Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілейді.
  • Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
  • Өлең мазмұнын түсіндіру және оқушыларға кезекпен оқыту.

VII. Сұрақ-жауап және талдау

1) Ақын жастарды неге шақырады?

Ғылымға, білімге, өнерге.

2) Абай қандай нәрселерден қашық бол дейді?

Өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік.

3) Абайдың «бес асыл іс» деп отырғаны нелер?

Талап Еңбек Терең ой Қанағат Рақым

Сын тұрғысынан ойлау тапсырмасы

  • Өлеңдегі «бес асыл істі» тауып, дәптерге жазу.
  • «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» жолдарының мәнін өз сөзіңмен түсіндіру.

Бұл ой ақынның жасөспірімдерді білімді болуға, өмірде өз орнын табуға және бір кәсіпке терең шұғылдануға үндейтінін білдіреді. Сол үшін адам өзін белгілі бір қасиеттерге тәрбиелеуі қажет.

«Кім жылдам?» ойыны: мақал-мәтелдер мен өлең жолдарын түсіндіру

«Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа, ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз».

Мағынасы: өнерлі, білімді болу үшін жақсы оқыған, ізденген адамнан үлгі алу керек. Ғылым жолында бейжайлыққа салынбай, қиындықтан қорықпай, ұзақ еңбек ету арқылы мақсатқа жетуге болады.

Дәптермен жұмыс

«Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» жолдарын дәптерге жазып, мазмұнын түсіндіру.

Түйін: білімді адам алған білімін тек өз пайдасына ғана емес, халыққа қызмет етуге, елге пайда келтіруге бағыттай білуі керек.

Ребус

«Ғылым — теңіз, білім — қайық»

VIII. Қорытынды

Бүгінгі сабақта Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысып, оның негізгі идеясын талдадық. Абай өлеңдері адамға өмір жолын үйретіп, болашағына бағыт-бағдар береді деген қорытынды жасай отырып, сабағымызды аяқтаймыз.