Синоним және антоним сөздерінің сыңарын табу

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебі

Пән / Сынып

Қазақ тілі, 5-сынып

Мұғалім

Жайлханова Ақнұр Жантөреновна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы

Антоним

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сөздің лексикалық мағынасы және антоним туралы толық мәлімет беру; омоним және синониммен салыстыра отырып, мысалдар арқылы ажыратуға үйрету.

Дамытушылық

Антоним тақырыбын түсіндіруде СТО әдіс-тәсілдерін қолдану және жазба жұмыстары арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқуға, білімге құштарлығын арттыру; қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі:
дәстүрлі
Сабақтың типі:
аралас сабақ
Әдістері:
түсіндіру, сұрақ-жауап, семантикалық карта

Қамтамасыз ету

Көрнекілігі:
эпиграф, үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс:
қазақ әдебиеті

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысымды тексеру.
  • Зейінді сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық

Оқушыларды психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа әзірлеу.

Күй тартамыз — күмбірлі, күмбірлі.
Ән айтамыз — көңілді, көңілді.
Би билейміз — ырғақты, ырғақты.
Біз бастаймыз — сабақты, сабақты.

III. Үй тапсырмасын сұрау және өткенді қайталау

5 минут

«Ғажайып алма» ойыны: тақтаға шыққан оқушы бір алманы алып, берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
  3. Көп мағыналы сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
  4. Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

Өткен тақырыпты пысықтап алған соң, жаңа сабаққа көшеміз.

IV. Жаңа сабақ

8–11 минут

Эпиграф (Абай)

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз...

Негізгі ұғым: антоним

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болатын сөздер антонимдер деп аталады.

ақ — қара қараңғы — жарық ашық — жабық

Тілдік қолданыс

Антонимдер ойды әсерлі әрі бейнелі жеткізудің тиімді құралы. Әсіресе мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда антонимдер қатар қолданылады.

Үлкенге құрмет — кішіге ізет.
Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

Тақтамен жұмыс (жаттығулар)

87-жаттығу (ауызша)

  1. Тақырыптардың неліктен «Өлара», «Амал» деп аталғанын түсіндіріңдер.
  2. Мәтіндегі антоним сөздерді теріп жазыңдар және қандай сөздермен тіркестіруге болатынын анықтаңдар.
  3. «Жеті амал» ұғымын мұғалімнің көмегімен түсініп алыңдар.

Мысал: Үркердің батуы — маусым айының басында Үркердің мүлде көрінбей кетуі. Осыдан кейін 40 күн шілде басталады.

Антоним үлгілері: бітті — туды, ыстық — суық, өткінші — тосын.

90-жаттығу

  • Мәнерлеп оқу.
  • Антонимдерді табу.
  • Сөйлем құрастыру.
тәтті — ащы

96-жаттығу

«Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас» сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.

Үлгі

  • биік тау — аласа тау
  • ашық есік — жабық есік
  • жаңа киім — көне киім
  • сұлу қыз — көріксіз қыз
  • жас адам — кәрі адам

V. Сабақты бекіту

20 минут

1-тапсырма: Сәйкестендіру

Синоним және антоним сөздердің сыңарын табыңдар.

Антоним жұптары

  • жіңішке — жуан
  • көп — аз
  • баяу — тез
  • жақын — алыс
  • биік — аласа

Оқушы әрекеті

  • Жұптарды дәл сәйкестендіру.
  • Әр жұпқа бір сөйлем құрастыру.

2-тапсырма: Қатарларды анықтау

Төмендегі тіркестерден омоним, синоним, антоним қатарларын тауып, қасына белгілеңдер.

  • Синоним: ауырып, науқастанып
  • Синоним: естірту, айту, білдіру
  • Омоним: үйіне келу, қонаққа келу
  • Синоним: өрісі, туысы, ағайыны
  • Омоним: шарт сыну, тез сыну
  • Антоним: ақ, қара
  • Антоним: жуандау, арықтау
  • Синоним: құмар, ынтық

Үлестірме қағаз (жеке жұмыс)

Антоним сыңарларын табыңдар

  • жаман — жақсы
  • кедей — бай
  • қара — ақ
  • батыл — қорқақ
  • қастық — достық
  • жабық — ашық
  • мол — аз

Дұрыс антонимді теріп жаз

Керекті сөздер: салақ, момын, сыпайы, әдепті, мылжың.

  • қатыгез — момын
  • дөрекі — сыпайы
  • ұятсыз — әдепті
  • ұқыпсыз — салақ
  • үндемейтін — мылжың

Жедел сұрақтар

  1. Антоним дегеніміз не?
  2. Мысал келтір.

Қажет болған жағдайда жауапты семантикалық карта арқылы дәлелдеңдер.

VI. Сабақты қорытындылау

5 минут

Оқушылар стикер арқылы тақтадағы смайлик плакатына бүгінгі сабақты бағалайды: сабақ ұнады ма, қандай тұсы түсінікті болды, нені қайталау керек.

VII. Үй тапсырмасы

2 минут

  1. Антоним туралы ережені жаттау.
  2. 89-жаттығу (42-бет).
  3. 92-жаттығу (43-бет).

Бағалау

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Мұғалім қызыл, көк, сары түстер арқылы таңдауға мүмкіндік беріп, оқушының өзіндік бағасын белгілейді.

Қосымша

Қажет болса, сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеп алып, тапсырмалар мен үлестірмелерді кеңейтіп қолдануға болады.