Жаңа сабақты бекіту практикалық жұмыстар сәйкестендіру информатикалық диктант Ойлан тап Білім тест
PowerPoint-та кесте, сурет, бейне және дыбысты кірістіру
Бұл сабақта оқушылар MS PowerPoint бағдарламасында мәтін мен суреттерді орналастыруды, кесте құруды, сондай-ақ бейне мен дыбысты презентацияға дұрыс кірістіруді үйренеді. Теориялық білім тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітіледі.
Білімділік мақсаты
PowerPoint-та сурет, мәтін, кесте, фильм және дыбыстарды кірістіру туралы түсінік қалыптастыру; алынған теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Информатикаға қызығушылықты арттыру, презентациямен жұмыс дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылыққа баулу және ақпараттық дүниетанымды кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты
Өз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге, еңбекқорлық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу; адамгершілік құндылықтарды нығайту.
Сабақ ресурстары мен әдістері
Көрнекіліктер
- Компьютер және интерактивті тақта
- Қызықты сұрақтар, түрлі тапсырмалар, тест материалдары
Оқыту әдістері
- Сөздік
- Көрнекілік
- Практикалық
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
1 минутОқушылармен амандасу, қатысымын белгілеу және сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
2 минутҚайталау «қызықты сұрақтар» арқылы жүргізіледі:
PowerPoint не үшін арналған бағдарлама?
Презентация жасауға арналған бағдарлама.
PowerPoint-ты қалай іске қосуға болады?
Пуск → Все программы → MS Office → MS PowerPoint.
Слайд дегеніміз не?
Мәтін, объектілер және клиптер орналастырылатын күрделі объект.
Презентация деп нені атайды?
Слайдтардың жиынтығын.
Жаңа слайдты қалай қосуға болады?
Алдыңғы слайдты белгілеп, Enter пернесін басу.
Слайдтарды пішімдеуге бола ма?
Иә, болады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
10 минутГрафикалық файлды слайдқа енгізу
Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды енгізу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
- 1 Слайдтың жұмыс аймағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.
- 2 Фон мәзірі тармағын таңдаңыз.
- 3 Исключить фон образца тармағындағы белгішені алып, оң жақтағы үшбұрышты шертіңіз.
- 4 Способы заливки тармағын таңдаңыз.
- 5 Способы заливки терезесінде Рисунок жапсырмасын ашып, төменгі бөліктен Рисунок пунктін таңдаңыз.
Дыбыспен жұмыс: презентацияны әсерлі ету
Презентация интернетте жарияланатын, компьютерде автономды көрілетін немесе электронды материал ретінде таратылатын болса, оны дыбыстық көркемдеумен толықтыруға болады.
Музыка
Шығармашылық тақырыпты ұсынғанда баяндаманың дербес элементі ретінде қолданылады.
Дыбыстық эффектілер
Көбіне белгілі бір слайдқа назар аударту үшін пайдаланылады.
Сөз (дикторлық жазба)
Әдетте автономды көруге арналған презентацияны түсіндіру үшін қолданылады; сонымен бірге аудиториялық баяндамаға дайындық кезінде де пайдалы.
IV–VI. Бекіту, үй тапсырмасы және бағалау
Жаңа сабақты бекіту
- Практикалық жұмыстар
- Сәйкестендіру
- Информатикалық диктант
- «Ойлан, тап» тапсырмалары
- Білімді тексеру тесті
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы сабақ мазмұнына сәйкес беріледі, ал бағалау оқушының практикалық жұмысты орындауы, белсенділігі және жауаптарының нақтылығы бойынша жүргізіледі.