Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді табу

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта оқушылар біріккен сөздер туралы жүйелі мағлұмат алады, олардың жасалу жолын, мағынасын және жазылу емлесін меңгереді.

Білімділік

Біріккен сөздердің екі (немесе одан да көп) түбірдің бірігуі арқылы тұтас бір ұғым беретінін, бір сұраққа жауап беретінін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың тілін, сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту; талдау жасау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік және әдіс-тәсілдер

Біріккен сөздер ережесі жазылған плакаттар, дидактикалық материалдар. Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, қайталау.

І. Ой шақыру

Мұғалім суреттерді көрсетіп, оқушыларды ойландыру сұрақтарын қояды:

  • Суреттен нелерді көріп тұрмыз?
  • Оларды қалай жазу керек деп ойлаймыз?
  • Бұл сөздер неше түбірден құралған?

Сурет арқылы берілетін мысалдар

Аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, аяқдоп.

ІІ. Ереже

Екі немесе одан да көп түбір бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

  1. 1 1-жаттығудағы сөздерді оқу.
  2. 2 Сөз құрамына ауызша талдау жасау.
  3. 3 Біріккен сөзді туынды түбірден ажырата білу.
  4. 4 Жазылу емлесіне ерекше назар аудару.

IV. Тақтамен жұмыс (2-жаттығу)

Оқушылар тапсырманы бөліп орындайды:

1-оқушы

Кісі аттарын теріп жазады.

2-оқушы

Аң-құс атауларын жазады.

3-оқушы

Ойын атауларын жазады.

4-оқушы

Дене мүшелерін жазады.

V. Көшіріп жазу

  • Мәтінді көшіріп жазу және біріккен сөздердің астын сызу.
  • Біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалғанын айту.
  • Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді табу.

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың зейіні қалпына келтіріледі.

VI. Өзіндік жұмыс

4-жаттығуды орындау.

VII. Сурет бойынша жұмыс

  • Сурет бойынша сөйлем құрап жазу.
  • Біріккен сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру.
  • Айтылу барысында қандай дыбыстардың өзгеріске ұшырайтынын анықтау.

VIII. Үй тапсырмасы

  1. 1 5-жаттығуды біріккен сөздер құрастыру арқылы орындау.
  2. 2 «Керқұла атты Кендебай» ертегісін тауып оқу.