Оператордың жалпытүрі
Сабақ тақырыбы
Turbo Pascal программалау тіліндегі берілгендерді енгізу және шығару операторлары.
Сабақ мақсаты
- Оқушыларда Turbo Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары туралы түсінік қалыптастыру.
- Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолдану арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Компьютермен жұмыс барысында ұқыптылыққа баулу және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Сабақ түрі
Білім мен білікті қалыптастыру.
Сабақ әдістері
СТО, әңгімелеу, проблемалық сұрақ-жауап.
Көрнекілігі
Слайдтар, компьютер, интерактивті тақта.
Сабақ жоспары
-
1
Ұйымдастыру.
-
2
Ой сергіту: өрнектер.
-
3
Жаңа тақырыппен танысу.
-
4
Шығармашылық тапсырмалар.
-
5
Практикалық бөлім.
-
6
Бағалау.
-
7
Қорытындылау. Үйге тапсырма.
Ой сергіту (сұрақтар)
Төмендегі сұрақтар өткен материалды еске түсіруге және жаңа тақырыпқа дайындалуға көмектеседі:
-
Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
-
Программа қандай оператордан басталады?
-
Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
-
var операторының қызметі қандай?
-
const операторының қызметі қандай?
-
Өрнек дегеніміз не?
-
Өрнекті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?
-
Қай оператор меншіктеу операторы деп аталады?
-
Кім тапқыр?
Жаңа тақырып
Оператор ұғымы
Оператор — алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекетті сипаттайтын бағдарламалау тілінің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу реті бойынша бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.
Операторлардың жалпы жазылу түрі
begin
1-оператор;
2-оператор;
...
n-1-оператор;
n-оператор
end.
Ескерту: Көп жағдайда операторлар нүктелі үтір (;) арқылы бөлінеді, ал бағдарламаның соңы нүктемен (.) аяқталады.
Енгізу операторлары: READ және READLN
Мәліметтерді енгізу үшін Паскаль тілінде READ (ағылшынша read — «оқу») және READLN операторлары қолданылады.
READ
read(a1, a2, ..., an);
READLN
readln(a1, a2, ..., an);
READLN (жол өткізу)
readln;
Шығару операторлары: WRITE және WRITELN
Нәтижені экранға шығару үшін WRITE және WRITELN операторлары қолданылады.
WRITE
write(a1, a2, ..., an);
WRITELN
writeln(a1, a2, ..., an);
Мысал 1: Екі бүтін санның қосындысын шығару
Мақсаты: екі бүтін санды енгізіп, олардың қосындысын есептеп, экранға шығару.
program qq;
var
a, b, c: integer;
begin
read(a, b); { енгізу }
c := a + b; { меншіктеу }
writeln(c); { шығару }
end.
Орындалу тәртібі
- Бағдарламаны орындау үшін F9 пернесін басыңдар.
- a және b айнымалыларына мән енгізіңдер (мысалы, 9 5), содан кейін Enter пернесін басыңдар.
- Экранға c айнымалысының мәні — 14 — шығады.
Мысал 2: Шеңбер ұзындығын есептеу
Мақсаты: радиусты енгізіп, шеңбердің ұзындығын есептеу және нәтижені экранға шығару.
program audan;
const
Pi = 3.14;
var
L, R: real;
begin
writeln('Дөңгелек радиусын енгіз');
readln(R);
L := 2 * Pi * R;
writeln('Шеңбер ұзындығы тең: ', L);
readln;
end.
Ескерту: Шеңбер ұзындығының формуласы — L = 2 * Pi * R.
Мысал 3: Үшбұрыштың ауданын табу
Практикалық бөлімде үшбұрыштың ауданын есептейтін бағдарламаны құрастырып, енгізу/шығару операторларын қолдануды бекітеміз.
Бекіту тапсырмалары
№1 Тіктөртбұрыштың ауданын табу
Ұзындығы a-ға, ені b-ға тең тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазыңдар. Формула: S := a * b.
Алгоритм (мәтіндік)
- Басы
- a, b мәндерін енгізу
- S = a * b есептеу
- S мәнін шығару
- Соңы
Бағдарлама
program pr1;
var
a, b, s: real;
begin
write('a, b мәндерін енгіз: ');
read(a, b);
s := a * b;
writeln('S = ', s);
end.
Тапсырма: бағдарламаны компьютерде орындап, алынған нәтижені талдаңдар.
№2 Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу
Тіктөртбұрыштың периметрін есептейтін бағдарламаны құрыңдар және қорытындысын экранға шығарыңдар.
Нұсқау: периметр формуласы P = 2 * (a + b). Енгізу үшін read/readln, шығару үшін write/writeln қолданыңдар.
Логикалық тапсырма
Реттілік дұрыс болу үшін қадамдарды қалай орналастыру керек?
Үй жұмысы
Қайталау: №16, №17.
Сабақтың қорытындысы (рефлексия сұрақтары)
-
Оператор дегеніміз не және олар қандай топтарға жіктеледі?
-
Нәтижені экранға шығарудың қандай тәсілдерін білесіңдер?
-
Экранға түсіндірме ретінде қолданылатын сөз тіркестері қалай шығарылады?
-
Енгізу және шығару операторларының негізгі міндеттері қандай?