Кемпірім бауырсақ пісірші

Алтын күз

Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру, ой-өрісін және тілін дамыту, жылдың төрт мезгілін ажырата білуге үйрету.

Қатысушылар: тәрбиеші, балалар, ата-аналар, Күз кейіпкері және ертегі кейіпкерлері.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Тырна көкте тыраулап,
«Қош, қош!» айтты, «Кеттім!» деп.
Шөптің басы қыраулап,
«Күзде келіп жеттім!» деп.

Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларымыздың күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.

Күзбен кездесу

Күз кіреді

Өздерің аңсап, сағынар…

Серікжан

Шырыны — шәрбат, дәні — бал;
Қауын-қарбыз, жүзімнің —
Бәрі менен табылар.

Әсемай

Алақай, күз келді,
Қарық қып жеміске!
Сарғайды түз, бел де,
Толқысын егіс те.

Меруерт

Алмұрт, алмасы,
Жүзімі өрікпен;
«Біреуін таңдашы», —
Дегендей көрікпен.

Күздің арманы

Күз: Тәрбиеші апай, менің бір арманым бар. Айтсам, орындайсыздар ма?

Тәрбиеші: Әрине, айтып көріңіз. Балалар, тыңдайық: Күздің қандай арманы бар екен?

Күз: Мен көп мерекелерге қатыстым: өлең тыңдадым, ән салдым, тақпақ айтылды. Ал қазір ертегі көргім келеді. Маған ертегі көрсетіп бере аласыңдар ма?

Ертегі таңдау

Тәрбиеші: Балалар, қандай ертегілерді білеміз? Естерімізге түсірейік.

Балалар: «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Алдар көсе мен бай», «Қасқыр мен жеті лақ».

Тәрбиеші: Күзге қандай ертегі қойып берейік?

Балалар: «Бауырсақ» ертегісін!

Тәрбиеші: Ендеше, ертегіні бастайық. Күздің арманын орындайық!

«Бауырсақ» ертегісі (қойылым)

Басталуы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ата мен әже өмір сүріпті.

Ата (Азат): Кемпірім, бауырсақ пісірші.

Әже (Гүлзира): Жарайды, шалым-ау, пісірейін.

Қоянмен кездесу

Қоян (Меруерт): Сен кімсің? Қандай әдемісің! Иісің қандай керемет!

Бауырсақ (Әсемай): Мен — бауырсақпын.

Қоян: Дәмді шығарсың, мен сені жеймін!

Бауырсақ: Қоян, мені жемеші. Мен саған өлең айтып беремін:

Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал-қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.

Тәрбиеші: Қоян, не болды?

Қоян: Бауырсақтан айырылып қалдым — қашып кетті.

Тәрбиеші: Ренжіме, бізбен бірге көңіліңді көтер. Би билейік!

Би: «Аттар»

Қасқырмен кездесу

Бауырсақ: Әндетіп, билеп, жерден жапырақ теріп келе жатса, алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Сен кімсің? Мұнда не қылып жүрсің?

Бауырсақ: Қасқыр, мені жеме. Мен саған әдемі өлең айтып беремін.

Қасқыр: Өлең айта аласың ба?

Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал-қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.

Қасқыр: Аузын ашып, тұрып қалады…

Қасқыр: Ызаланып аспанға қарап ұлиды.

Тәрбиеші: Қасқыр, сізге не болды?

Қасқыр: Қарным аш еді, бауырсақ қашып кетті!

Тәрбиеші: Ренжімеңіз. Біздің балалардың күз мерекесіне арнаған өлеңі мен билерін тамашалаңыз.

Өлеңдер мен жұмбақ

Азат

Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егін орыпты.

Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлейік,
Мәз боп, бірге жүрелік.

Айгерім

Күз сыйы — бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер — әрі де,
Күзбенен сәулетті.

Сұлтан

Өсем бақша бауында,
Қатты ұқсаймын қауынға.
Жемек болып шикідей,
Күлкі болам қауымға.

Жұмбақ

Даяна: «Қызыл моншақ тергені» — (Анар).

Тәрбиеші: Балалар, біз тақпақ та айта аламыз, өлең де оқимыз, жұмбақ та шеше аламыз. Ендігі кезек — әнге!

Жания: «Толғанай» әні.

Тәрбиеші: Ой, балалар қандай керемет билейді!

Аюмен кездесу

Бауырсақ: Адасып жүріп, әндетіп, билеп-секіріп келе жатса, алдынан аю шығады.

Аю: Сені танимын! Иісің қандай тамаша, түрің қандай тәтті! — деп жақындағанда, бауырсақ секіріп кетеді.

Бауырсақ: Аю, тоқташы. Мен саған әдемі өлең айтып беремін.

Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал-қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.

Аю: «Тоқта, тоқта, бауырсақ!» — деп жүгіріп барып, құлап қалады да, аяғын ауыртып жылайды.

Тәрбиеші: Жарайды, жылама. Сен нені жақсы көресің? Айтшы.

Аю: Мен балды, вареньені жақсы көремін.

Тәрбиеші: Ал кәмпитті жақсы көресің бе?

Аю: Әрине! Тәтті болса, неге жақсы көрмейін?

Ойын: «Кәмпит тасу»

  • Балалар екі командаға бөлінеді.
  • Әр командадан 3 бала қатысып (барлығы 6 бала), кәмпитті себетке тасиды.
  • Тапсырма: кәмпитті боксшы қолғабымен алып, себетке жеткізу.
  • Ата-аналар да ойынға қатыса алады.

Түлкімен кездесу және мерекені сақтау

Бауырсақ: Келе жатса, алдынан түлкі бикеш шыға келеді.

Түлкі: Ой, мына бауырсақ қандай әдемі!

Бауырсақ: Мен сізге өлең айтып беремін. Маған тимеңізші, — деп тәрбиешінің артына тығылады.

Күз: Түлкі, бауырсаққа тиіспе. Мерекені бұзбайық, одан да балалармен ойын ойнайық!

Ойын: «Картоп жинау»

Екі командаға бөлінеді: бір команда — Күздің, екінші команда — Түлкінің тобы.

Мақсаты: «картопты» тез әрі ұқыпты жинау.

Қорытынды

Тәрбиеші: Күз, біздің мерекеміз сізге ұнады ма?

Күз: Әрине, ұнады!

Тәрбиеші: Ендеше, сізге арнап «Қара жорға» биін орындайық.

Күз: Балалар, мерекелерің өте жақсы өтті. Мен енді кетейін. Ал түлкі бикеш, сен бауырсаққа тиіспе!

Түлкі: Жоқ, мен бауырсақты жемеймін. Мен тек тауық етін, әтешті, қаймақты жақсы көремін, — деп қылымсиды.

Күздің сыйлығы

Күз: Тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Соны сізге тапсырайын. Балаларға таратып беріңіз.

Күз: Ал, балалар, мен қайтып келгенше аман-сау болыңдар!

Тәрбиеші: Күз, сыйлығыңызға көп рақмет! Сіз де аман-сау болыңыз.