Вирус құрылысы

Сабақтың тақырыбы

§ 21. Вирустар — тіршіліктің жасушасыз түрі.

Мақсаты

Оқушылардың төменгі сыныптан алған білімдерін еске түсіре отырып, вирустың құрылысы, тірі ағзаларды зақымдау жолдары, бактериофаг және вирустық ауру түрлері туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

Прокариоттар, эукариоттар және жасушасыз тіршілік формалары туралы білімдерін тереңдетіп, жүйелеу.

Тәрбиелік

  • Өз бетімен ізденіп оқуға тәрбиелеу.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Өткізу әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы.

Сабақтың өту барысы

  1. 1) Ұйымдастыру

    Сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.

  2. 2) Үй тапсырмасын сұрау

    Алдыңғы тақырып бойынша білімді нақтылау.

  3. 3) Жаңа сабақ

    Вирус құрылысы, бактериофаг, вирустық аурулар.

  4. 4) Білімді жетілдіру

    Деңгейлік тапсырмалар және қосымша материалдар.

  5. 5) Білімді бекіту

    Перфокартамен жұмыс, ауызша тест (ҰБТ сұрақтары).

  6. 6) Қорытындылау

    Негізгі ұғымдарды жинақтау, сұрақтарға жауап беру.

  7. 7) Үйге тапсырма

    § 21 оқу; реферат.

  8. 8) Бағалау

    Жұмыс нәтижесін саралау, кері байланыс.

Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып

Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер.

Тексеру түрі

Берілген №2 тапсырманы ауызша тексеру.

Қосымша мәлімет

Микробиология, бактериялар және көк-жасыл балдырлар туралы қысқаша шолу.

Жаңа сабақ

Сабақ жоспары

  1. Вирустың құрылысы
  2. Бактериофаг
  3. Вирус арқылы таралатын ауру түрлері

Ой қозғау: KWL

Не білемін?

Вирус туралы бастапқы түсініктерді еске түсіру.

Не үйрендім?

Құрылымы, таралуы, ауру тудыруы туралы жаңа білімді белгілеу.

Нені білгім келеді?

Қосымша сұрақтар мен қызығушылықтарды анықтау.

Тарихи дерек

Д. И. Ивановский — вирусология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.

Ғылыми факт

У. Стенли темекі теңбілі вирусының кристалдана алатынын көрсетіп, оның бөлшектерінің шоғырланған жиынтық екенін дәлелдеді.

Негізгі ұғымдар

Вирус
Латынша virus — «у» деген мағына береді.
Түр алуандығы
Омыртқалыларды зақымдайтын шамамен 500-дей, өсімдіктерді зақымдайтын 300-дей вирус түрі бар.

Вирустың құрылысы

Вирустардың негізгі құрылысы екі бөліктен тұрады:

  • Нуклеопротеид — генетикалық материалы: ДНҚ немесе РНҚ.
  • Капсид — нәруызды қабықша.

Бактериофаг

Бактериофаг — бактерияларды зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар. Оларды алғаш рет 1915 жылы сипаттаған, ал кейінірек 1935 жылы Ф. Туорт кеңірек зерттеп жазған.

Вирус арқылы таралатын аурулар

  • Тұмау
  • Аусыл
  • Полиомиелит
  • Құтыру
  • Шешек

Бактериялар мен вирустар арқылы таралатын ауруларды салыстыру үшін кесте (таблица) қолдану ұсынылады.

Білімді жетілдіру

Қосымша материалдар

Тақырыпты тереңдететін дереккөздермен жұмыс (мәтін, сурет, қысқа анықтамалар).

Деңгейлік тапсырмалар

  1. 1-деңгей: Биологиялық диктант
  2. 2-деңгей: Венн диаграммасы
  3. 3-деңгей: Тест жұмысы

Білімді бекіту

Перфокартамен жұмыс

Негізгі ұғымдарды жылдам тексеруге арналған тапсырмалар.

Ауызша тест

ҰБТ форматындағы сұрақтар арқылы білімді бекіту.

Арнайы тапсырма

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шығармашылық/ақпараттық тапсырма.

Қорытындылау сұрақтары

  1. 1 Микробиология ғылымы нені зерттейді?
  2. 2 Вирустардың құрылысы қандай? Бактериофаг дегеніміз не?
  3. 3 Вирустар арқылы қандай аурулар таралады?

Үйге тапсырма

Негізгі тапсырма

§ 21 оқу.

Қосымша тапсырма

Тақырып бойынша реферат дайындау.

Биологиялық диктант

Төмендегі сөйлемдердегі бос орындарды тиісті ұғымдармен толықтырыңыз.

Ядросы толық жетілген жасушалы организмдер ____________, ядросы жетілмеген жасушалы организмдер ____________ деп аталады.

____________ — тірі ағзалардың жасушасыз тіршілік иесі. Оның құрылысы ____________ және ____________ бөліктерінен тұрады.

Бактериофагтарды алғаш рет ____________ жылы ____________ сипаттап жазды.

Темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы ____________ пішінді шоғыр түзеді.

Тест жұмысы

Төмендегі сұрақтарға қысқаша жауап беріңіз.

1

Хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.

2

ДНҚ жіпшелерінен тұратын созылыңқы денешік.

3

Лизосоманы ашқан ғалым.

4

Эндоплазмалық торды ашқан ғалым.

5

Нәруыз молекуласын ашқан.

6

Нәруыз құрамына қандай топ кіреді?

7

Орақ пішінді жасушалы анемияны ашқан.

8

ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасаған.

9

ДНҚ молекуласының екі еселену жолдарын ашқан.

10

ДНҚ-ның екі еселенуіне қатысатын фермент.