Баланың жанына жақын тақырыптар мен таныс ертегі кейіпкерлері бейнесін сомдайтын ертегілер көрсетуге қатынастыру
«Сиқырлы театр» бағдарламасы: түсінік хат
Театр — баланың қиялын оятып, қуана ойнауына, ойын арқылы қоршаған ортаны тануына мүмкіндік беретін сиқырлы әлем. Ол баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ой-өрісінің кеңеюіне, ақыл-парасатының, адамгершілік қасиеттерінің және эстетикалық сезімдерінің дамуына ықпал етеді.
Болашақ ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, тілге шешен, өзіне де, өзгені де сыйлай білетін, жан-жақты мәдениетті болып қалыптасуында балаларға арналған көркем шығармаларды сахналық қойылымға айналдырып, балалардың өзін кейіпкер ретінде қатыстыруының маңызы зор.
Әрбір ата-ана мен тәрбиеші қысқа ертегі-әңгімелер мен өлеңдерді рөлдерге бөліп, шағын сахна көріністерін ұйымдастыруға мән бергені жөн. Мұндай жұмыс баланың сөйлеу мәдениетін нығайтып, өз ойын еркін жеткізуіне көмектеседі.
Бағдарламаның мазмұны
«Сиқырлы театр» бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Бағдарлама ойын әдістері арқылы баланың тілін дамытып, іс-қимыл әрекеттерін жетілдіруге бағытталған және теориялық пен практикалық бөліктердің үйлесімі ескеріліп құрылған.
Дамытатын бағыттар
- Өзара қарым-қатынас, достық, қамқорлық
- Фантазиялық ойлау және өнерге қызығушылық
- Кейіпкер қимылын келтіру, мәнерлеп сөйлеу
- Театр ойындарына белсенді қатысу
Оқыту логикасы
Бағдарламаның барлық бөлімдері өзара тығыз байланысты. Жұмыс кезең-кезеңімен күрделеніп, балалардың сахналау дағдыларын біртіндеп қалыптастыруға бағытталады.
Нәтижесінде бала рөлді икемді орындауға, ойынды ортақ мүддеге сай дамытуға және жеке бастамасын мәдени түрде көрсетуге үйренеді.
Практикалық ерекшеліктер
Балалар қуыршақтарды өз қолдарымен жасап, қызығушылығын арттырады және театрдың ғажайып әлемімен жақын танысады. Сахналанған көріністерде және мерекелік-шерулерде атрибуттарды қолдану, ойындарды ұйымдастыру дағдылары бекітіледі.
Бағдарламаның мақсаты
Дамыту
- Балалардың көркем-өнер шеберлігін жан-жақты дамыту
- Әртістік қабілеттерін қалыптастыру
- Таныс тақырыптар мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге қатыстыру
Әлеуметтендіру
- Кейіпкерлерді салыстырып, қарым-қатынас туралы пікірін айтуға үйрету
- Ойын ашық жеткізу, үлкендермен және құрдастарымен жақындасу ниетін қолдау
- Бір-біріне зиян келтірмей, көмектесе білуге тәрбиелеу
Бағдарлама тапсырмаларын жүйелі орындау арқылы балалардың сөздік қоры молайып, көркем-өнер әрекеті негізінде әртістік дағдылары қалыптасады. Театрлық ойындар балаларды жақындастырып, жалпы шығармашылық дамуына ықпал етеді.
Бағдарламаның міндеттері
Таныстыру және қызықтыру
Балаларды театр өнерінің қызықты сәттерімен таныстыру, театрға деген қызығушылығын арттыру.
Сөйлеу мәдениеті
Өзара еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәнерлеп сөйлеуді дамыту.
Эмоция және ұжым
Көңіл-күй сезімін танып-білуге, ұжымдық қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетімен ұштастыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін театрландырылған көріністермен тиімді байланыстыру.
Күтілетін нәтиже
Құндылықтар
Бала бойында мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық және басқа да игі қасиеттер қалыптасады.
Талдау және ойлау
Ертегі, әңгіме, өлеңдерді тыңдап, кейіпкерлерге мінездеме беруді үйренеді.
Қарым-қатынас және сенім
Бірлесіп ойнау арқылы жолдастық қарым-қатынас нығайып, өзіне деген сенім және өнерге оң көзқарас қалыптасады.
Ұйымдастыру форматы
Қамтылатын топтар
Бағдарлама ІІ кіші, ортаңғы және ересек топтарға арналған. Жалпы көлемі — 36 сағат.
Өткізу жиілігі мен ұзақтығы
- Аптасына 1 рет
- ІІ кіші топ: 15–20 минут
- Ортаңғы топ: 20–25 минут
- Ересек топ: 25–30 минут
Бағдарламаның жалпы мазмұны әр топқа арналған тақырыптық жұмыс жоспары және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тақырыптық жоспар (36 сабақ)
-
1Театр бұрышымен таныстыру
-
2«Бауырсақ» ертегісін түсіндіру
-
3«Бауырсақ» ертегісін сахналау
-
4«Екі әтеш» ертегісі
-
5Ойыншық театры: «Екі әтеш»
-
6«Шалқан» ертегісі
-
7Фланелеграф театры: «Шалқан»
-
8«Түлкі мен торғай» ертегісі
-
9Үстел үсті сурет театры: «Түлкі мен торғай»
-
10«Үш аю» ертегісі
-
11Саусақ театры: «Үш аю»
-
12«Шұбар тауық» ертегісі
-
13Би-ба-бо қуыршақ театры: «Шұбар тауық»
-
14«Лақ пен қасқыр»
-
15Ойыншық театры: «Лақ пен қасқыр»
-
16«Мысық пен тышқан» ертегісі
-
17Фланелеграф театры: «Мысық пен тышқан»
-
18«Маша мен аю» ертегісі
-
19Би-ба-бо қуыршақ театры: «Маша мен аю»
-
20«Түлкі мен қасқыр» ертегісі
-
21Үстел үсті сурет театры: «Түлкі мен қасқыр»
-
22«Мысық, әтеш және түлкі» ертегісі
-
23Саусақ театры: «Мысық, әтеш және түлкі»
-
24«Қолғап» ертегісі
-
25«Қолғап» ертегісін сахналау
-
26«Саңырауқұлақ астында» ертегісі
-
27Фланелеграф театры: «Саңырауқұлақ астында»
-
28«Мақтаншақ қоян» ертегісі
-
29Ойыншық театры: «Мақтаншақ қоян»
-
30«Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?» ертегісі
-
31Би-ба-бо қуыршақ театры: «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?»
-
32«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
-
33«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау
-
34«Құйыршық» ертегісі
-
35Фланелеграф театры: «Құйыршық»
-
36«Ертегілер әлемінде» (қорытынды)
Құрастырушылар
- Жауынбаева Г. Н.
- Умралина А. Т.