Шығыс Еуропа жазығының географиялық орнын картадан көрсет
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы • №1 мектеп-гимназиясы КММ
География пәні мұғалімі: Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру (§41). Тұран жазығы.
Қолданылатын ресурстар
- Оқулық және слайдтар
- Кеспе қағаздар
- Бағалау картасы
- Қазақстанның физикалық географиясы картасы
Оқыту нәтижесі
Мұғалім оқушының іс-әрекетіне, ойы мен пікіріне, сөйлеу мәдениетіне және сабаққа қатысу белсенділігіне жүйелі түрде көңіл бөледі.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Тұран жазығына жан-жақты физикалық-географиялық сипаттама беру арқылы білім қалыптастыру.
Дамытушылық
Топтық және өзіндік жұмыстар арқылы есте сақтауын, сенімін және ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Патриоттық сезімді арттыру, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және сыныпта мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Түйінді идея
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру аясында Тұран жазығы туралы білімді жүйелеп, сабақ барысында оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымды тексеру.
- 2 Сыныпты үш топқа бөлу.
- 3 Көңіл-күйді анықтау және сабаққа бағыт беру.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып — Шығыс Еуропа жазығы. Мұғалім оқушыларға негізгі ұғымдарды еске түсіруге бағытталған тапсырмалар береді.
Саралау сұрақтары
- Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны қандай?
- Картадан Шығыс Еуропа жазығының географиялық орнын көрсет.
- Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы қандай?
Қосымша жұмыс: Қазақстанның физикалық-географиялық аймақтарын белгілеуге арналған кескін картамен жұмыс.
Негізгі бөлім (жаңа сабақ)
Құрылым
- Мұғалім жаңа тақырып бойынша алдын ала дайындалған кластер ұсынады.
- Аралды құтқаруға арналған жобалар туралы бейнематериал көрсетіледі.
- Көрген материал бойынша талқылау жүргізіледі.
Талқылау тақырыбы
Аралды құтқарудағы жаңа жобалар
Арал мәселесі — әлем назарындағы өзекті тақырып. Алматыға АҚШ Мемлекеттік хатшысының мұхит, халықаралық қоршаған орта және ғылым мәселелері жөніндегі көмекшісі, доктор Кэрри-Энн Джонс келді. Ол Аралды құтқару халықаралық қорының ғимаратында еліміздің эколог-ғалымдарымен кездесіп, пікір алмасты.
Кездесудің басты мақсаты — Арал мәселесін жүйелі түрде қарастыра отырып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайту.
Халықаралық сарапшылар мен донор ұйымдардың қолдауымен 2011–2015 жылдарға арналған Арал бассейнінің үшінші бағдарламасы іске асырылды. Қор Аралды қалпына келтіру бағытында нақты жұмыстар атқаруда: Қазақстан аумағындағы Кіші Аралдың қайта толуы соның бір дәлелі. Сонымен бірге Арал маңындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да айрықша назар аударылуда.
Сарапшылардың пайымдауынша, халықаралық ұйымдардың қолдауы күшейіп, Орталық Азиядағы бес мемлекет бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асырса, Аралды қалпына келтіру жұмыстарының сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.
Дәйексөз
«Бүгінде экология мәселесі әлемді алаңдатып отыр. Қазақстан мен АҚШ-тың биотехнология, экология, денсаулық сақтау бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуі маңызды. Осы салаларды жүйелеп, жаңа ғылыми зерттеу кооперациясын құру арқылы екі елге де тиімді жобаларды жүзеге асыруға болады.»
— Кэрри-Энн Джонс
Бекіту және қорытынды
Оқушылар алған білімін қорытындылау үшін салыстырмалы талдау жасайды.
Венн диаграммасы
Шығыс Еуропа жазығы және Тұран жазығы: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Рефлексия (сыни ойлау)
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын қысқа әрі нақты жеткізеді:
Ойлануға
1 минут
Айтуға
1 минут
Жалпы
2 минут
Үй тапсырмасы
Тақырыптың толық нұсқасын жүктеп алып, материалды оқып келу және карта бойынша негізгі нысандарды қайталау.