Менің әкем мен анам - мейірімді адамдар

3-сынып оқушысы Оқу үздігі Екібастұз, №16 мектеп

Өзімді таныстыру

Өзімді таныстырсам, менің атым — Ерасыл. Мен 3-сыныпта оқимын, оқу үздігімін. Кітаптан «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді оқыдым. Расында да, Отанның ең кішкентай бөлшегі — отбасы. Әр адамның туған-туыстары бар, менің де өз отбасым бар.

Бір шаңырақ астындағы жылылық

Біз бір шаңырақтың астында әжем, әкем, анам және екі ініммен бірге тұрамыз. Жанұям — мен үшін ең қымбат, ең жақын адамдар.

Әжемнің тәрбиесі

Мен — әжемнің үлкен немересімін. Әжем маған әрдайым «мейірімді, әдепті бол» деп ақыл айтады. Мен үлкен кісілерге жол беруге, айтқанын тыңдауға тырысамын. Асыл әжемнің арқасында әдептілік пен мейірімділікті үйрендім.

Үйдің берекесі

Әжемнің пісірген тәтті бауырсақтары мен тоқаштарын ерекше жақсы көремін.

Әкем — тірегім

Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз — әкем. Әкемнің аты — Ербота, ол жүргізуші болып жұмыс істейді. Біз әкемнің жұмыстан келгенін асыға күтеміз.

Ортақ әуестік

Әкем келген соң, мен және екі інім бәріміз сурет салғанды жақсы көреміз.

Демалыс күндері

Демалыста әкемізбен бірге түрлі ойындар ойнаймыз, уақытты қызықты өткіземіз.

Үйреткен дағдылар

  • Суда жүзу
  • Велосипед тебу
  • Жазда жарысу, футбол ойнау
  • Қыста хоккей ойынына бару

Біз асқар тау әкемізді әрдайым үлгі тұтамыз.

Анам — мейірім мен береке

Анамның аты — Жангүл. Ол балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Анам тамақты өте дәмді пісіреді. Мен анама үй жинауға көмектесемін, інілерімді ойнатамын.

Ата-анамның тілегі

Әкем мен анам — мейірімді жандар. Олар менің жақсы оқып, білімді болып өсуімді қалайды.

Інілерім және менің жауапкершілігім

Інілерімнің аты — Ерғанат пен Есентай. Ерғанат 1-сыныпта оқиды, ал Есентай балабақшаға барады. Мен оларға жақсы аға болуға тырысамын: Ерғанатқа сабағын оқуға көмектесемін, ал Есентайды ойнатамын, бірге сурет саламыз.

Есімнің мәні

Кіші інім Есентайдың атын атамыз қойған. Балалар ақыны Есентай Ерботин — атамыздың туған інісі. «Сол кісідей ақылды, ақын болсын» деген ниетпен қойылған есім.

Тату-тәтті тірлік

Біз отбасымызда бақытты, тату-тәтті өмір сүреміз. Әр түрлі мейрамдар мен туған күндерде үлкен дастархан жайып, туған-туыспен бірге қуанышымызды бөлісеміз. Менің отбасым — мен үшін ең үлгілі отбасы.

Автор туралы

Орындаған: Амантай Ерасыл

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 жалпы орта білім беретін мектеп КММ