Бір сөзбен айтқанда Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмжарған негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Балгарина Айзада Романовна

Сабақ тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Топтастыру

Көрнекіліктер

  • Кеспелер
  • Слайд

Сабақтың мақсаты

а) Білімдік

Сын есімдердің мағыналық ерекшеліктерін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.

ә) Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; тапқырлық пен іздемпаздықты арттыру; алған білімін қолдана білу қабілетін нығайту.

б) Тәрбиелік

Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу; білім алуға, оқуға деген құштарлықты күшейту.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Түгендеу.
  • Зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау және бекіту

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Тұлғасына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
  4. Туынды сын есім дегеніміз не?

Жаңа сабақ

Мағынасына қарай сын есім сапалық және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.

Сапалық сын есім

Заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей білдіреді.

Мысал: жақсы сөз.

Қатыстық сын есім

Заттың белгісін басқа сөз табымен байланыс арқылы білдіреді.

Мысал: өнерлі жігіт (өнердің бірнеше түрін білетін жігіт).

Сапалық сын есімдер

Түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіреді.

жақсы үлкен сұр қызылдау

Қатыстық сын есімдер

Басқа сөз таптарынан жасалады.

өнерлі ашық аспалы бойшаң

Оқулықпен жұмыс

Сапалық сын есімдер

Ақшыл, жасыл, тәтті, үлкен, қымбат, жаман, қызылды-жасылды, кең, ұзын, қысқа.

Қатыстық сын есімдер

Аттылы, сазды, балалы, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, алғыр, мінезді.

Жедел талдау (мысал сөздер)

семіз қысқа ақылды қоңыр

Өлеңмен жұмыс

Өлеңдерді оқып, тақырыбын анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты қысқа мақала (шағын ойтолғау) жазыңыз және сын есімдерді ажыратыңыз.

Шығамын тірі болсам, адам болып,
Жүрмеймін бұл өмірде жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

Бір сөзбен айтқанда

Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз.

1. Айтқанға көне салатын, еш нәрсені байқамайтын адам — аңқау (сапалық сын есім).

2. Тез ашуланатын адам — ашушаң (қатыстық сын есім).

3. Көрінгенге соқтыға беретін адам — сотқар (сапалық сын есім).

4. Керексіз көп сөйлейтін адам — мылжың (сапалық сын есім).

5. Бойы ұзын адам — бойшаң (қатыстық сын есім).

6. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам — өсекші (қатыстық сын есім).

Кеспемен жұмыс

1) Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз:

  1. Талапты ерге нұр жауар.
  2. Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды.
  3. Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.

2) Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңыз:

салмақты ұзақ көрікті бағалы

3) Төмендегі сөздерді тиісті сын есіммен тіркестіріңіз:

Тіркес үлгілері

  • жазғы үй
  • сары ырым
  • ауыр бала
  • биік дауыс
  • жаман балапан
  • әдепті демалыс
  • көтеріңкі жүк

Тапсырма

Берілген тіркестердің ішіндегі сын есімдерді анықтап, олардың сапалық па, қатыстық па екенін дәлелдеңіз.

4) Өлең шумағынан сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз:

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Сабақты бекіту

Венн диаграммасы

Сапалық және қатыстық сын есімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз.

  • Ортақ белгілері
  • Сапалыққа тән ерекшеліктер
  • Қатыстыққа тән ерекшеліктер

Бағалау

Оқушының тапсырмаларды орындауы, дәлелдеуі және талдауы негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

Сапалық және қатыстық сын есімдерге қатысты мысалдар жинап, 6–8 сөйлемнен тұратын шағын мәтін құраңыз. Мәтіндегі сын есімдерді мағынасына қарай ажыратыңыз.