Есікті ешкімге ашпаңдар

Сабақ паспорты

Білім саласы
Қатынас
Білім бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Ертегілер әлеміне саяхат (Жеті лақ ертегісі)

Мақсаты

  • «Қатынас» білім саласы бойынша балалардың білімін бекіту.
  • Ертегі үзінділерін әңгімелей білу, ертегіні сахналау дағдыларын дамыту.
  • Шығармашылық елестетуін, қиялын, сөздік қорын және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін арттыру.
  • Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Әсем безендірілген орман көрінісі: ағаштар, орман ішінің бейнесі, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Билингвалды компонент

ертегі казка
ешкі коза
лақтар козлята
қасқыр волк

Сабақтың барысы

Ұйымдастырушы-қозғаушы кезең

Топқа қонақтар келеді. Балалар қонақтармен амандасады. «Жылулық шеңберіне» тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Тілек сөздер

Күніміз жарық болсын, Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын, Елімізде тыныштық болсын!

Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең

Тәрбиеші

Балалар, бүгінгі сабағымыз өте қызық әрі ерекше болмақ. Біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатта бізге түрлі кедергілер кездеседі. Солардың бәрінен бірге өтеміз.

Оқиға

Осы кезде есік қағылады. Ортаға Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар

Сәлеметсіз бе!

Қызыл телпек

Қайда бара жатырсыңдар?

Балалар

Біз ертегілер еліне саяхатқа бара жатырмыз.

Қызыл телпек

Керемет екен! Мен де сендермен бірге әжеме барып қайтайын. Орманда жалғыз өзім қорқамын.

Саяхат басталады

Қызыл телпек балалармен бірге пойызға мініп жолға шығады. Көп ұзамай балалар орманға келеді.

Кедергі 1: Көлшік

Орманда жолдарын көлшік бөгейді. Көлшіктің жағасында аяғы ақсаңдаған үйрек отыр.

Тәрбиеші

Балалар, қараңдаршы: үйрек аяғын ауыртып алыпты. Кәне, көмектесейік!

Балалар үйрекке көмектесіп, оны жайлап суға жібереді.

Кедергі 2: Кішкентай көпір

Көлшіктен өту үшін кішкентай көпір табылады. Көпір тар болғандықтан, балалар тепе-теңдікті сақтап, бір-бірлеп өтеді.

Кездесу: Қорқақ қоян

Жолай талдың түбінде қорқып отырған қоянды көреді. Тәрбиеші балаларға ойын арқылы қоянды шақыруды ұсынады.

Тәрбиеші

Кәне, қоян, ұзын құлағың қандай әдемі! Өзің сондай сүйкімдісің. Біз сен туралы ән де білеміз. Балалар, бірге айтайық!

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып секірді. Қарап еді артына Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.

Ертегілер еліне келу

Тәрбиеші

Міне, балалар, біз ертегілер еліне де келіп жеттік. Еске түсірейікші: қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалардың жауаптары

Балалар суреттерге қарап: «Шалқан», «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Жеті лақ» деп жауап береді.

Тәрбиеші

Жарайсыңдар! Сендер көптеген ертегіні біледі екенсіңдер. Ендеше, «Жеті лақ» ертегісін бірге тамашалайық.

Қызыл телпек

Мен «Жеті лақ» ертегісін білмейді екенмін. Мен де сендермен бірге көргім келеді.

Сиқырлы сәт: кейіпкерге айналу

Тәрбиеші

Ертегілер елінде түрлі ғажайыптар болады. Қазір бәріміз көзімізді жұмып, өзіміздің сүйікті кейіпкерімізге айналайық.

Балалар көздерін жұмып, сүйікті ертегі кейіпкерлеріне айналып, ертегіні сахналайды.

«Жеті лақ» ертегісінен көрініс

Автор

Ерте, ерте, ертеде орманда бір ешкі өмір сүріпті. Оның жеті лағы болыпты. Бір күні ешкі орманға тамақ әкелуге кетпек болады. Кетер алдында балаларына:

Ешкі

Лақтарым, шырақтарым! Есікті ешкімге ашпаңдар. Мен сендерге орманнан тамақ әкелемін.

Автор

Сол кезде орманда бір аш қасқыр жүр екен. Ол лақтарды жегісі келіп, ешкінің үйіне келеді де, жуан даусымен есікті ұрып:

Қасқыр

Лақтарым, шырақтарым, есікті ашыңдар! Мен сендердің аналарыңмын. Орманнан тамақ әкелдім!