Діни экстремизмге қатысты видео ролик көрсету

Тақырып: Діннің қоғамдағы рөлі

Бұл материал діннің шығу тарихын, дін мен заманауи өмірдің байланысын, толеранттық пен ар-ождан бостандығын, сондай-ақ руханилық ұғымын түсіндіруге бағытталған.

Мақсаты

  • Діннің шығу тарихын түсіндіру.
  • Дін және заманауи өмір тақырыбын талдау.
  • Толеранттық пен ар-ождан бостандығын түсіндіру.
  • Руханилық туралы ұғым қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Діннің шығу тарихын, исламның негізгі қағидаларын біледі.
  • Діннің қоғамдағы орны мен заманауи өмірдегі рөлін түсінеді.
  • Толеранттық пен руханилық туралы ой қорытады.
  • Ақпаратты өз бетінше меңгеріп, видео қарап, талқылап, жұппен және топпен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Саралау және бағалау

Саралау

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Бағалау

  • «Бағдаршам», «Басбармақ» әдістері
  • Смайликтер, кері байланыс
  • Бағалау парағы

Ресурстар

  • Оқулық (9–10 сынып)
  • ҚР Конституциясы (22-бап)
  • «Баршаға арналған адам құқығы»
  • «Адам. Қоғам. Құқық»
  • Слайдтар, деректі фильм, интернет материалдары
  • Н. Назарбаевтың Жолдаулары мен еңбектері
  • «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналдары (2013 №1, 2014 №11, 2015 №7, №11, 2016 №2)
  • Қазақ әдебиеті материалдары

I. Қызығушылықты ояту

Уақыты: 5 минут

Жылы атмосфера + ой қозғау

Оқушының іс-әрекеті

  • «Шаттық шеңбері»
  • «Досқа тілек»
  • Ассоциация құру: «Дін»

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)

I топ

  1. «Таусылмайтын байлық» — білім.
  2. Қоғамдық, саяси, ғылыми, философиялық және әдебиет салаларында еңбек еткен тұлға — Ш. Уәлиханов.
  3. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» — Абай.
  4. Мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі мен мейірбандығын білдіретін, философиялық-эстетикалық санат — шыншылдық.

II топ

  1. «Сұлулық шындықта» деп жазған орыс суретшісі — И. Е. Репин.
  2. Оқу орнының, өндірістің, отбасының мүшесі — адам.
  3. Тәртіпті, ұйымшыл, ұстамды, жинақы адам — мәдениетті адам.
  4. Кірсіз, ұқыпты киінуді насихаттаған — Абай.

III топ

  1. Ақын, әдебиет зерттеушісі, лингвист, педагог, саясаткер — А. Байтұрсынов.
  2. Техникалық ұғымдарды гуманитарлық біліммен ұштастырған қазақ академиктері — Қ. Сәтбаев, Е. Букетов.
  3. Өз халқының мәдени жетістіктері мен ерекшелігін өзге тілде жазып қалдырған — Ш. Уәлиханов.
  4. «Адам бойындағының бәрі: келбеті, киімі, жан дүниесі, ойы — бәрі сұлу болуға тиіс» деген орыс жазушысы — А. П. Чехов.

Қорытынды ұғымдар: мәдениеттілік, шыншылдық, иман, білім, ғылым — адам бойындағы негізгі құндылықтар.

II. Мағынаны ажырату

Уақыты: 20 минут

Оқу + видео + талдау

Жұмыс форматы

  • Таныс емес сөздердің мағынасын ашу
  • Тақырыпты өз бетінше оқу және түсіну
  • Видео ролик көру және талқылау
  • Тапсырма: постер дайындау және қорғау

Топтық тапсырмалар (постер қорғау)

I топ — Дінтанушылар

Ислам дінінің шығуы және таралуы.

II топ — Тарихшылар

Қоғамдағы дінге көзқарас. Толеранттық.

III топ — Саясаттанушылар

Діни экстремизм және оның алдын алу.

Бағалау

Смайликтер, «бағдаршам», бағалау парағы.

I топ: Ислам діні туралы қысқаша мәлімет

Ислам діні VII ғасырда Арабия түбегінде пайда болды. Оның таратушысы — Мұхаммед пайғамбар. Ислам — адам, қоғам, өткен мен бүгін, келешек, әлем және оның құрылымы туралы әмбебап ілім.

Құран — ислам дінінің қасиетті жазбасы (араб тілінде оқылады).

II топ: Қоғамдағы дінге көзқарас және толеранттық

Қазақстанда халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанады, сондай-ақ христиан дінін қабылдаған азаматтар да бар. Елдің қалалары мен елді мекендерінде мешіттер мен шіркеулер жұмыс істейді.

Діни мекемелер қоғамға рухани қызмет көрсетіп, келісім мен өзара сыйластық мәдениетін нығайтуға үлес қосады.

III топ: Діни экстремизм және алдын алу

Экстремизм (лат. extremus) — «шеттеу», яғни ортақ қабылданған өлшемнен ауытқу, белгіленген шектен тыс кету дегенді білдіреді. Оның негізгі белгілерінің бірі — адамның надандық пен соқыр сенімге сүйенген пікірін өзгелерге күшпен таңуға ұмтылуы.

Мұндай көзқарас қоғамның қажеттілігін, шынайы жағдайын елемей, түсінбеуге немесе түсінгісі келмеуге әкеледі. Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы топтар қоғамдық татулық пен ауызбіршілікті бұзып, ұлтаралық араздықты қоздыруы мүмкін.

Тақырыпты бекіту үшін діни экстремизмге қатысты видео ролик көрсетіледі.

III. Ой толғаныс

Уақыты: 17 минут

Жеке пікір + жазылым

I топ

Видео бойынша жұмыс: діни экстремизмнің алдын алу үшін өз ұсыныстарыңызды әзірлеңіз.

II топ

Көрсетілген видеоға сүйеніп, RAFT форматы бойынша мәтін жазыңыз.

III топ

Эссе: «Ислам — дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз».

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

IV. Үй тапсырмасы

Уақыты: 3 минут

Бекіту
  • § 21 — тақырыпты оқу және мазмұндау.
  • Тақырып бойынша диалог құрастыру.
  • Кері байланыс арқылы өзін-өзі бағалау.

Қысқа түйін

Дін — қоғамның рухани өмірін қалыптастыратын маңызды құндылық. Оны түсіну үшін тарихты білу, құқықтық қағидаларды (ар-ождан бостандығы), толеранттықты сақтау және радикалды-экстремистік идеяларға қарсы сындарлы ойлау дағдыларын дамыту қажет.