Бірінші элементі - жазу жолының ортасынан қаламыңды қой
Атырау қаласы • Жамбыл атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Алтынай Орыспайқызы • Пәні: Сауат ашу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- «Ж» дыбысы мен әрпін таныту.
- «Ж» дыбысын сөз ішінен бөліп, дұрыс айтқызу.
- «Ж» әрпі бар сөздерді тұтас оқуға үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Парақшалар
- Суреттер
- Буындар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңберіТақпақ
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбінің күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!
Ән: «Біз бақытты баламыз!»
II. Өткенді қайталау
«Бәйге» ойыныНегізгі ұғымдар
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты естиміз және айтамыз.
- Әріп дегеніміз не?
- Әріпті көреміз және жазамыз.
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Анықтамалар мен қысқа сұрақтар
-
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар.
-
Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Айтылу кезінде ауа еркін шықпай, кедергіге ұшырау арқылы жасалатын дыбыстар.
-
Қазақ ғарышкерлерін ата.
Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов.
-
Түйе өркешіне ұқсайтын әріп қайсы?
М әрпі.
-
Сөйлем нелерден құралады?
Сөйлем сөздерден құралады.
-
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем — аяқталған ойды білдіретін сөздер тізбегі.
Ойын: «Қай үйге барады?»
Берілген әріптерден сөз құрастырамыз.
III. Жаңа сабақ
«Ж» дыбысыТопқа бөлу және жаңа дыбысты табу
Сұрақ
Қандай жемістерді таңдадыңдар?
Алма, алмұрт, құлпынай.
Жіктеу
Бұлар жеміс-жидектер тобына жатады.
Талдау
«Жеміс-жидектер» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Ж дыбысы
Қорытынды
«Ж» — дауыссыз дыбыс, өйткені созылып айтылмайды және айтылу кезінде кедергіге ұшырайды.
Жұмбақ
Үстім жолақ,
Тісім — орақ.
Күшім мол-ақ,
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы, қайсы аңмын?
Жауабы: жолбарыс.
«Жолбарыс» сөзінің басында Ж дыбысы естіледі.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
«Ж» дыбысынан басталатын сөздерді айтайық:
Ең ыстық мезгіл
Жаз
Төрт түліктің бірі
Жылқы
Күзде сарғайып түсетін
Жапырақ
Жазда жапырақтың түсі
Жасыл
Адамның аты
Жанар
Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша жұмыс
Суретке қарап, қысқаша әңгіме құрастырамыз.
Буындарды оқу
Буындарды оқып, сөз құрастырамыз:
Сөздерді оқу
Сөздердің мағынасы
- Жаға
- Көйлектің жағасы; көлдің жағасы.
- Жаса
- Тілек білдіру, игі ниет айту (мысалы: «Жаса!»).
- Жалау
- Әскерді, топты ажырату үшін қолданылатын арнайы белгі (ту).
- Жасау
- Қыз жасауы, қалыңдыққа дайындалатын дүние-мүлік.
- Жота
- Көтеріңкі жер бедері; жоталар таулы өңірдің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
- Жуа
- Тағамға пайдаланылатын көкөніс.
- Жантақ
- Бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.
- Жусан
- Күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.
- Жуан
- Заттың қалың, ірі екенін білдіретін сипаттама.
- Жуас
- Момын, момақан, тыныш.
Мәтінмен жұмыс
«Жусан» мәтінімен танысып, мәнерлеп оқимыз.
Сергіту сәті
«Көңілді күн» қимыл-қозғалыс жаттығуы.
Дәптермен жұмыс
Әріп элементтерімен танысамыз және жазу дағдысын қалыптастырамыз.
«Ж» әрпінің жазылуы
Бас әріп (Ж)
- Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламды қойып, солдан оңға қарай доға сызық жүргізіп, төмен түсіріп, төменгі сызыққа тигізе сәл көтереміз.
- Жоғарғы сызықпен қиылысқан тұстан қаламды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз; бұрыш жасап төменгі сызыққа дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жоғарғы сызыққа дейін көтереміз.
- Бастапқы нүкте тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға қарай жүргіземіз.
Кіші әріп (ж)
- Жазу жолының ортасынан қаламды қойып, солдан оңға қарай жоғарғы сызыққа тигізе доға сызып, төмен түсіріп, астыңғы сызыққа тигізе солға қарай иеміз.
- Доғаның ортасына қаламды қойып, жоғарғы сызыққа дейін көлбеу сызық жүргіземіз; сызықты төмен астыңғы сызыққа жеткізіп, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жол ортасына дейін көтереміз.
- Осы сызыққа қосылатындай етіп, солдан оңға қарай жолды толтыра тағы да доға сызық сызамыз.
Ауада жазу
Әріпті ауада жазып, қимыл арқылы бекітеміз.
Шығармашылық тапсырма: «Көгершіннің тапсырмасы»
Жеке/топтық жұмысТапсырмалар
- Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.
- Жұмбақтарды шеш.
- Суретті тап.
«Бес жолды өлең» үлгісі
1. Жолбарыс
2. Күшті, ала
3. Жүгіреді, секіреді, аулайды
4. Орманда тіршілік ететін жыртқыш
5. Аң
Қорытындылау
Қайталау сұрақтары
- «Ж» қандай дыбыс?
- Сөздің қай жерінде кездеседі?
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы түсінгендерін анықтаймыз. Оқушыларды мадақтаймыз.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау, «Ж» әрпін жазып жаттығу.