Үлкен сандықшаның ішіндегі тапсырма

Ашық сабақ • Математика • 5-сынып

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы және модасы бойынша есептер

Бұл сабақта оқушылар бірнеше санның арифметикалық ортасын, берілгендер қатарының өзгеріс ауқымын және модасын табуды тәжірибеде бекітеді. Сабақ барысы ойын элементтерімен, топтық жұмыспен және деңгейлеп оқыту тәсілімен ұйымдастырылады.

Мақсаты

Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода ұғымдарын түсіндіру және есептерде қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Топпен жұмыс жасау, ойлау икемі мен іскерлік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке баулу, өзін және сыныптасын әділ бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Әдісі
Деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі
Сандықшалар, кестелер, парақшалар, жылжымалы тақта және т.б.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, топқа бөлу.
  • Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді нақтылау.

2) Үй тапсырмасын тексеру (№1215)

Спорт жарысында команда мүшелері: Айдар — 14 ұпай, Серік — 16 ұпай, Жандос — 16 ұпай, Мәди — 9 ұпай алды. Асхат ұпай жинамады.

1) Орташа ұпай

Асхат ұпай алмағандықтан, есептеу 4 оқушының нәтижесі бойынша жүргізіледі:

(14 + 16 + 16 + 9) ÷ 4 = 55 ÷ 4 = 13,75

2) Өзгеріс ауқымы

Ең үлкен және ең кіші ұпай айырмасы:

16 − 9 = 7

3) Сабақты бастау: «Қыз қуу» ойыны

Сабақ ұлттық ойын элементімен басталады. «Қыз қуу» ойынының мазмұны қысқаша түсіндіріліп, өткен тақырып бойынша қыздар сұрақ қояды, ұлдар жауап береді. Жауап бере алмаған оқушы өз өнерін көрсетеді.

Мақсат

Қайталау арқылы негізгі ұғымдарды жылдам еске түсіру және сабаққа қызығушылықты арттыру.

4) Оқулықпен жұмыс (№1217)

Арифметикалық ортаны табу:

(14,1 + 18,2 + 15,5 + 16,2 + 22,4 + 16,2) ÷ 6 = 102,6 ÷ 6 = 17,1

5) Сергіту сәті: сандықшалар тапсырмасы

Оқушылар сандықшалардың ішіндегі парақшалар арқылы тапсырма таңдап орындайды.

Кішкене сандықша

  • №1 — «Қара жорға» биін орындау.
  • №2 — «Маған сұрақтар қойыңдар».
  • №3 — №1219 есептің 1-тармағын шығару.
(5,6 × 8,35) ÷ (16,0 × 0,7 × 20) = (8 × 7) ÷ (2 × 4) = 7

Орташа сандықша

«Менің бақытты сәтім» — сандар кездесетін мақал-мәтелдер айту.

Талап

Мақал-мәтелде міндетті түрде сан болуы керек.

Үлкен сандықша

№1220 — арифметикалық ортаны табу тапсырмалары.

(10,1 + 9,4 + 9,9) ÷ 3 = 29,4 ÷ 3 = 9,8
(11,5 + 9,7 + 9,8 + 10,2) ÷ 4 = 41,2 ÷ 4 = 10,3
Нәтижелер: 3) 0,5 • 4) 5,7 • 5) 3,67 • 6) 6

Тапсырманы бірінші болып орындаған оқушы сандықшадағы сыйлыққа ие болады.

6) Бекіту: негізгі ұғымдар

Арифметикалық орта

Бірнеше санның арифметикалық ортасы — сол сандардың қосындысын олардың санына бөлгендегі бөлінді.

(a₁ + a₂ + … + aₙ) ÷ n

Өзгеріс ауқымы және мода

  • Өзгеріс ауқымы — ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.
  • Мода — жиілігі ең көп кездесетін сан.

Мысал (бағалардың орта мәні)

Оқушы география пәнінен 4-тоқсанда 3, 4, 5, 5, 4 бағаларын алды. Осы бағалардың арифметикалық ортасы:

(3 + 4 + 5 + 5 + 4) ÷ 5 = 21 ÷ 5 = 4,2

Күнделікті өмірде және нарықтық экономика жағдайында сұранысты, орташа мәндерді анықтаудың маңызы арта түседі.

7) Қосымша тапсырма: «Мықты болсаң — алдағыны басып оз»

Мықты болсаң — алдағыны басып оз.
Мықты болсаң — арттағыға жеткізбе.
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда.
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт.

Қағаздың бір бетіне сан, екінші бетіне өрнек жазылады. Оқушы тез есептеп, сәйкестігін табуы керек.

Сандар

  • 0,54
  • 1
  • 0,0564
  • 14,1
  • 800
  • 1,3

Өрнектер

  • 0,6 × 0,9=
  • 56,4 ÷ 1000=
  • 84,6 ÷ 6=
  • 4 × 8 × 25=
  • (1/3) × 3=
  • 0,07 + 1,23=

Дұрыс сәйкестіктер

0,6 × 0,9 = 0,54
56,4 ÷ 1000 = 0,0564
84,6 ÷ 6 = 14,1
4 × 8 × 25 = 800
(1/3) × 3 = 1
0,07 + 1,23 = 1,3

8) Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

№1226, №1223

Бағалау

Топтық жұмысқа қатысуы, есеп шығару дәлдігі мен жылдамдығы, жауаптың негіздемесі бойынша бағаланады.