Оқығандарын топта талқылату

ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтепов Талғат Рәзімханұлы

Пән / Сынып

Әдебиет, 5-сынып

Сабақ тақырыбы

М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі

Мақсаты

Өлеңнің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын түсіну, құрылымын талдау.

Оқып-үйренудің нәтижесі

  • Өлеңнің мазмұнын біледі.
  • Тақырыбы мен идеясын ашады.
  • Өлең құрылымын талдайды.

Әдіс-тәсілдер

Мәнерлеп оқу Сұрақ-жауап «Автор орындығы» Өзін-өзі бағалау «Ойлан. Жұптас. Бөліс.» «Екі жұлдыз, бір тілек» Кері байланыс

Сабақ барысы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Жалпы уақыт: 16 минут
  1. 1) Сыныпты ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. «Біздің сынып» тақырыбындағы слайдты көрсету.

    4 мин
  2. 2) Үй тапсырмасын сұрау. М. Мақатаевтың «Фантазия» өлеңін жатқа айту.

    5 мин
  3. 3) Өткен сабақты бекіту (сұрақтар арқылы).

    • Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
    • Өздерің бұрын оқыған қиял-ғажайып ертегілерде қиял мен шындық арасында байланыс бар ма?
    2 мин
  4. 4) «Автор орындығы» әдісі. Оқушыларды ортаға шақыру.

    3 мин
  5. 5) Топқа бөлу. Стикерлер тарату арқылы 4 топқа бөлу:

    Заман Өмір Қазына Мұра
    2 мин

Мағынаны ажырату кезеңі

Негізгі жұмыс

Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: М. Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі.

1 минут

I тапсырма

Аудиожазбадан «Барлығы да сендердікі» өлеңін тыңдату.

2 мин

II тапсырма

«Ойлан. Жұптас. Бөліс.» тәсілі арқылы тапсырмаларды орындау (слайдта көрсетіледі).

  1. Әр топ мүшесі оқулықтағы өлеңді жеке оқиды. (2 мин)
  2. Оқығандарын жұпта талқылайды. (1 мин)
  3. Оқығандарын топта талқылайды. (1 мин)
  4. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. (2 мин)

Талқылау сұрақтары

  • Өлең кімдерге арналып айтылған?
  • Ақын нені мұра етіп ұсынады?
  • Ата ұрпақтар кімдер? Олар сендерге қандай қазына қалдырады?
  • Ақын сендердің болашақтарыңа қандай сенім артады?
6 мин

III тапсырма

Әр топқа өлеңнің бір шумағы беріледі. Топтар өлең құрылымын талдайды. Жұмысқа талдау парағы ұсынылады.

Еске түсіру: негізгі ұғымдар

Ұйқас
Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндесуі.
Шумақ
Аяқталған синтаксистік ой.
Бунақ
Әр тармақтағы дауыс толқынының соқпағы.
Тармақ
Өлеңнің әрбір жолы.
Буын
Тармақтағы дауысты дыбыстар санына қарай бөлінуі.
Тақырып
Автор суреттеп отырған өмір құбылысы.
Идея
Автордың суреттеп отырған өмір құбылысына берген бағасы.

Әр топтан бір оқушы шығып, талдау нәтижесін оқиды.

6 мин

Қорытынды. Сабақ ақынның өсиет сөзімен түйінделеді.

5 мин