Туылған күніңізбен құттықтаймын

Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіздің мәнді де сәнді болсын деп тілеймін. Алға қойған мақсатыңызға жету жолында еш қиындыққа мойымаңыз. Қандай қиындық болса да қорықпай алға қарай баса беріңіз, өмірдің өзі осы қиындықтарды жеңіп, жеңіске жетуден тұрады емес пе? Қиындықта достарыңыз қасыңыздан табылсын, дұшпаныңыз қашық болсын. Өмірде әрқашан сәттілік сіздің серігіңіз болсын, шаңырағыңызда шаттыққа толы күндер көп болсын. Тағы да туылған күніңіз құтты болсын, өмірде бар жақсылықты тілеймін!

Туған күніңізбен құттықтаймын. Мен сізге мол табыс, зор денсаулық айналаңызда сенімді достарыңыз көп болсын деп тілеймін. Үйіңіз әрдайым мейірім шуағына толы болсын. Жайлы өмір сүру үшін өмірге деген құштарлығыңыз, шабытыңыз артып, алда алар асуларыңыз көп болсын, деп тілеймін. Айналаңызға әрдайым шуағыңызды төгіп, мейірімге бөлей беріңіз.

Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің барлық бастамаларыңызға сәттілік, әрқашан жарқын және жақсы көңіл - күй, сенімділік тілеймін. Сонымен қоса мықты денсаулық, әр күніңіз мерекеге толы болсын! Қызметтестер арасында мәртебеңіз жоғарылап, шығармашылық жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспін.

Авторы: Жадыра

Туылған күнге арналған өлеңдер немесе түрлі құттықтаулар білсеңіз, пікір қалдыру жолына жазып қалдыруға болады, сайтта жарияланады.



Ұқсас жұмыстар

Бүгінгі жастар тіліндегі бірегейлік
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу
Әлем кереметтері
Жеңіске рух берген әндер
Тurbo Pascal тілінде ”Санды тап” ойынына программа құру
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Ақсай нан кондитерлік өнім орталығы - бизнес жоспар
Броконерліктің алдын алды - Практикалық іс-тәжірибелік есеп
Өлеңдер жинағы
Тимофей Карпович Щербанов (1922 жылы туылған, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Херсон селосы) - 2 - дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, танк - десант ротасы могоатқыштар - пулемет батальонының командирі
Туылғандағы ісік - терінің қанайналымының бұзылуынан ісіктің пайда болуы
Михаил Терентьевич Харин (1923 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданы Снегирево селосы) - 2 - дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы, топ командирі
Шекшекей (туылған өлген жылы беогісіз) - батыр, Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс басшыларының бірі
Сабытай батыр (туылған - өлген жылы белгісіз) - батыр
Туылған күнге арналған сыйлық түрлері