Балалар мынау кім
Сабақтың тақырыбы
Өсімдіктер қалай өседі?
Сабақтың мақсаты
Балалардың табиғаттағы өсімдіктердің жетіліп, өсіп-дамуы туралы түсінігін қалыптастыру.
Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктері мен олардың өсіп-дамуының байланысын түсіндіріп, бекіту.
Тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту және экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік
- Гүлдер
- Трек-схемалар
- Өсімдіктердің суреттері
- Дәндер
- Сұйық май
- Бауырсақ
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Тәжірибелік жұмыстар
- Ойын
Қостілділік компонент
- Гүлдер
- цветы
- Күнбағыс
- подсолнух
- Өсімдік
- растение
Мотивациялық қозғаушы күш
«Шаттық шеңбері»
Балалар жиналды бір топқа,
Сен менің, мен сенің досыңмын.
Кәне, қолды бер, досым,
Бірге ойнайық қуана.
Релаксация
Әр балаға бір-бір гүлден беріліп, бір-біріне жылы тілек айтады. Соңында тілектер арқылы бір шоқ гүл құрастырылады.
Ұйымдастыру кезеңі
-
1
Біз бір-біріміздің көңілімізді көтердік. Енді айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі?
-
2
Күз айларын атаңдар.
-
3
Күз айларының ерекшеліктерін айтып беріңдер.
-
4
Күз туралы кім өлең немесе тақпақ біледі?
Жаңа сабақ
Есік қағылып, Буратино көңілсіз күйде кіреді. Қолында жасанды гүл және күнбағыс бар.
Диалог
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім?
Тәрбиеші: Буратино, сен неге көңілсізсің? Саған не болды?
Негізгі сұрақ
Өсімдіктер қалай өседі?