Мәтіндегі Қаныш Сәтбаев кім
Сымбат ЖМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы
Пәні: Әдебиеттік оқу • Сыныбы: 2
Тақырыбы: «Қажымұқан» (Н. Есенов)
Сабақтың мақсаты
- Мәтіннің мазмұнын ашу, автордың ойы мен идеясын түсіндіру.
- Оқушылардың сөздік қорын дамыту, тіл байлығын молайту.
- Күштілікке, ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Типі
- Жаңа білім енгізу
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, топтық жұмыс
- Көрнекілігі
- Слайдтар, мәнжазбалар, бағалау парағы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг (өлең жолдары):
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
II. Топтарға бөлу
Оқушылар 1, 2, 3 сандарын таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Топ ережелері еске түсіріледі.
Топ мүшелері бір-бірімен амандасады (өлең жолдары):
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық баланы,
Бақыттымыз осы біз —
Қасымызда досымыз.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Тұрсын Жұртбаевтың «Мысойған» мәтіні бойынша жоспар арқылы мазмұндау:
I топ
Геолог пен қарттың кездесуі
II топ
Мысойған туралы аңыз
III топ
Қаныштың аңыздың шын екеніне көз жеткізуі
Қорытынды: қысқа көрініс көрсету және мадақтау.
IV. Үй тапсырмасын бекіту (сұрақтар)
- Мәтіндегі ғалымның мамандығы туралы не білесің?
- Жезқазған, Мысойған сияқты атақты жерлер туралы қандай мәлімет айта аласың?
- Қаныш Сәтбаев кім?
V. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
VI. Өткенді байланыстыру және жаңа тақырыпқа кіріспе
Сұрақ: Қаныш Сәтбаев сияқты ұлы зерттеушіден басқа қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?
Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қысқаша таныстырылым жасалады: өмірбаяны айтылып, мәнжазба тыңдалады.
Жаңа сабақ: «Қажымұқан» (Нұрлан Есенов)
Оқулықпен жұмыс: мәтін аудиотаспадан тыңдатылады.
VII. Топтық тапсырмалар
Тапсырмалар топтарға бөлінеді, орындаған соң шапалақтау арқылы мадақталады.
1-топ
«Көктөбедегі тас»
2-топ
«Амандық атаның әңгімесі»
3-топ
«Тас туралы әңгіме»
VIII. Сөздік жұмыс
Сөздердің мағынасы талқыланып, дәптерге жазылады:
Сөз
Жасыл құрақ
Сөз
Тәнті етті
Сөз
Алақанының табы қалған
IX. Ой толғаныс
Топтық жұмыс: мәтіннен мақалды тауып, мағынасын түсіндіру.
Мақал: «Күш атасын танымас»
Мағынасы: күш-қуат асып-тасқанда адам шектен шығып кетпеуі керек; күш те, ерлік те ақылмен, тәрбиемен ұштасуы тиіс.
X. Жаңа тақырыпты бекіту
Топтық талқылауға арналған сұрақтар:
- 1 Мәтін тақырыбын басқаша қалай атар едің?
- 2 Оқиға қай заманда болған?
- 3 Әңгімеде таңданыс сезімін тудырған тұс қай жер?
XI. Үй тапсырмасы
- Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
- Қажымұқан туралы деректер жинау.
XII. Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалау жүргізіледі.
Қорытынды: нәтижелер талданып, слайд жүктеледі.