Ертегідегі кейіпкерлер кімдер
Технологиялық карта
Бұл материал мектепалды даярлық тобына арналған «Ертегілер әлемінде» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Сабақ балалардың тілін дамытуға, ойлау мен тыңдау дағдыларын жетілдіруге және ертегі кейіпкерлері арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Тіл дамыту
Мақсаты
- Суреттер арқылы әртүрлі ертегілерге сипаттама беріп, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.
- Тіл байлығын арттыру, сөз қорын толықтыру және байланыстырып сөйлеуді жетілдіру.
- Фланелеграфты қолдану арқылы әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.
- Еңбекке баулу, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Ертегі кейіпкерлері
- Суреттер
- Ертегіні құрастыруға арналған бейнелер
- Атрибуттар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Көрсету
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Топтық жұмыс
Тілдік қолдау
Билингвалдық компонент:
- арыстан
- лев
- жолбарыс
- тигр
- қасқыр
- волк
- түлкі
- лиса
Жаңа сөз: саятшы — аң аулайтын адам.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық-қозғаушылық
«Шаттық шеңбері»
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегеміз — мына біз.
Шаңырақ болып иіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Бір-бірімізді қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
«Кім біледі?» ойыны
- Өткен сабақта қандай ертегілермен таныстық?
- Интерактивті тақтадағы кейіпкерлерге қарап, ертегінің атауын анықтау.
Ұйымдастыру-іздестіру
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топқа ертегі суреттері беріледі, тапсырма — суреттерді құрастырып, ертегіні ретімен әңгімелеп беру.
1-топ
«Түлкі мен жолбарыс»
2-топ
«Арыстан мен түлкі»
Талқылауға арналған сұрақтар
- Ертегідегі кейіпкерлерді ата.
- Бұл ертегіден нені үйрендік?
- Арыстан қандай аң?
- Екі ертегіні салыстыр: ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
- Ертегідегі арыстан, жолбарыс, түлкі — қандай аңдар?
- Аңдар туралы кім өлең немесе тақпақ айтады?
Жұмбақ құрау (ТРИЗ әдісі)
- Түлкі қандай аң?
- Түлкі не істейді?
- Түлкінің белгілеріне сүйеніп жұмбақ құрастыр.
Сергіту сәті
Екі қанат қазда бар,
Қаз іздесең суға бар.
Екі қанат құста бар,
Мықты болсаң ұстап ал.
Жаңа білім
«Қызыл телпек» ертегісімен танысамыз. Интерактивті тақтадағы суреттер бойынша ертегіні ретімен әңгімелеп айтамыз.
Түсіну және талдау сұрақтары
- Ертегідегі кейіпкерлер кімдер?
- Қасқыр әжесін жұтып қойып, оның орнына жасырынып жатты. Қызыл телпек әжесін бірден таныды ма?
- Қызыл телпек әжесіне не деді?
- Қасқыр қалай жауап берді?
- Әжесі мен Қызыл телпекті кім құтқарды?
- Аңшы деген кім? Саятшы деп кімді айтамыз?
Термин: саятшы — аң аулайтын адам.