Кім биші

2013

«Жігіт сұлтаны» — ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, оқушылардың өнерін, білімін және шеберлігін танытатын тәрбиелік сайыс.

Мақсаты

  • Ұлттық салт-дәстүр негізінде білім көкжиегін кеңейту.
  • Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
  • Ұлттық дүниетанымды қалыптастыру.
  • Татулыққа, ынтымаққа, бірлікке шақыру.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Проектор Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар Шарлар

Негізгі ой

Сайыс барысында қатысушылар тек өнерін ғана емес, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге қатысты білімі мен шеберлігін де көрсетеді.

Барысы

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін сіздер «Жігітке жеті өнер де аз» атты «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер.

Бүгінгі сайыста жігіттеріміз өз өнерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, шеберлігін, сонымен бірге білімділігін де танытады.

Олай болса, қатысушыларымызға сәт-сапар тілей отырып, «Жігітке жеті өнер де аз» атты «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші

Уа, халайық, халайық, мұнда назар салайық. Ата жолын жалғамақ, ел дәстүрін қолдамақ, ел намысын қорғамақ — жігіттер шықсын ортаға, бүгін сұлтан атанбақ!

1-жүргізуші

Қайсысы күйші? Кім биші? Талабына қарайық. Кім зерек, кім жылдам — таланттарын табайық.

2-жүргізуші

Құрметті көрермен қауым, енді сайысқа түсетін жігіттерді қол соғып, қошеметпен шақырайық!

Қатысушыларды таныстыру

Сахнаға шақыру

Абзал (7 «А»)

Білімді, алғыр, жан-жақты. Ақылы мен айбыны қатар, сөзге де, іске де мығым. Ортамызға 7 «А» сыныбынан Абзалды шақырайық!

Әділбек (7 «Б»)

Спорт пен білімді қатар ұстаған, таланты мен табандылығы үйлескен палуан, күрескер. Алдарыңызда 7 «Б» сыныбынан Әділбек!

Нұржан (8 «А»)

Өнерлі, талапты, ұлтжанды. Шындық үшін шырылдап, әділдікті ту еткен. 8 «А» сыныбынан Нұржанды ортамызға шақырайық!

Еркебұлан (8 «Б»)

Жақсы мен жаманды айыра білетін, өнерімен талайды тәнті еткен жігіт. 8 «Б» сыныбынан Еркебұланды ортаға шақырайық!