Өлшем бірліктер атауы
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Қазалы ауылы • №100 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Қиятбаева Дана Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Тәуелсіздік 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» аясында өткізілетін «Ата дәстүр – асыл қазына» атты танымдық ойын-сайысқа қош келдіңіздер.
Мақсаты
- Ұлттық педагогикалық тәрбие негізінде қалыптасқан ата-баба тәжірибесін таныту, күнделікті тұрмыста қолданылған сөздердің мән-мағынасын ашу.
- Қазіргі кезде сирек қолданылатын атаулар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
- Тапқырлыққа, жылдам ойлауға және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар
2–3 сынып оқушылары.
Форматы
Ойын үш бөлімнен тұрады, ұпай арқылы бағаланады, кезең сайын іріктеу жүргізіледі.
«Мәнге толы қазағымның ғұмыры…» деп жырланғандай, бала тәрбиесіне терең мән беріп, сәтті қағидалар мен ережелерді қалыптастырған халықтардың бірі — қазақ халқы. Ғасырлар бойы жиналған салт-дәстүр, әдет-ғұрып өнегелерін бүгінгі ойын барысында жаңғыртып, бірге танып-білеміз.
Ойын құрылымы
1-бөлім: «Сен білесің бе?»
3 кезеңӘр кезеңде 3 ойыншы шығып, 30/40/50 ұпайлық ұяшықтарды таңдайды. Жасырылған салт-дәстүрге қатысты сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп береді. Үш кезең қорытындысында ең жоғары ұпай жинаған 3 оқушы келесі бөлімге өтеді.
2-бөлім: «Кім жүйрік?»
бұйымдарКиіз үй ішіндегі 6 ұлттық бұйым ұсынылады. Әр оқушы екі бұйымнан алып, тапсырмаларды орындайды. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. 1–2-бөлім қорытындысында ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
3-бөлім: «Жұлдызды сәт»
10 сұрақҚалған ойыншыға кезекпен 10 сұрақ қойылады. Мүмкіндігінше жылдам жауап беруі керек. Бұл кезеңде білімділер ғана озады.
Әділқазылар туралы
«Қазылар орнықтырар әділдікті…» — сайыс нәтижесін әділ бағалайтын әділқазылар алқасы таныстырылады:
- 1 ________________________
- 2 ________________________
- 3 ________________________
Ұран
Біз бұрын көрмеген, салт-дәстүрі өлмеген —
Үйренеміз дәріптеп, заманымда өрлеген.
Ескерту
Төмендегі кезеңдерде берілген атауларды оқушылар түсіндіріп, ұпай жинайды.
1-бөлім: «Сен білесің бе?» — 1-кезең
Сайыскерлер
- Фарида2-сынып
- Зарина2-сынып
- Мейрамкүл3-сынып
Ұяшық таңдау құқығы — Фаридаға беріледі. Сайыскерлерге сәттілік!
Тапсырмалар (30/40/50 ұпай)
1) Өлшем бірліктері
- 30 — пұт
- 16 кг
- 40 — кез
- шамамен 50 см
- 50 — көз ұшында
- шамамен 6–7 км
2) Ерлер киімі
30 — тымақ
Ерлердің қысқы бас киімі. Аң мен мал терісінен тігіледі. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ.
40 — ішік
Сыпайы әрі сәнді, жылы киім. Сырты берік матадан, іші аң терісінен құралады.
50 — шекпен
Түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім. Матасы иіріліп, өрнектеп тоқылады; шапан үлгісінде пішіліп, қайырма не тік жағалы болып келеді.
3) Үш санының қасиеті
- 30 — 3 жұрт
- Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
- 40 — 3 қуат
- Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
- 50 — 3 қуаныш
- Алғыс алу, көптің іздеуі, істің өшпеуі.
Құрметті әділқазылар, 1-бөлім қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған оқушыларды атап өтсеңіздер.
1-бөлім: «Сен білесің бе?» — 2-кезең
Сайыскерлер
- Аяжан2-сынып
- Айзере3-сынып
- Арсен3-сынып
Ұяшық таңдау құқығы — Аяжанға беріледі.
Тапсырмалар (30/40/50 ұпай)
1) Ыдыс-аяқ атаулары
30 — саба
Қымыз құюға арналған, ел ішінде кең тараған кәделі ыдыс. Жылқы терісінен жасалады.
40 — күбі
Малды ауылдың қысы-жазы пайдаланатын ыдысы. Қымыз, шұбат, ашыған көже құйылады. Тұтас ағаштан үңгіп немесе жұқа тақтайшаларды құрастырып жасайды.
50 — шара
Қымыз құюға арналған ыдыс. Емен, қайың сияқты қатты ағаштан ойып жасалады; дөңгелек, жиегі тік болады.
2) Төрт-түлікке қатысты сөздер
- 30 — топай
- Сиырдың асығы.
- 40 — атсейіс
- Ат бабын білетін адам.
- 50 — жабағы жүн
- Қойдың көктемгі жүні.
3) Төрт санының қасиеті
30 — 4 маусым
Көктем, жаз, қыс, күз.
40 — 4 мұрат
Дау мұраты — біту. Саудагер мұраты — ұту. Қыз мұраты — кету. Жол мұраты — жету.
50 — 4 қорлық
Шақырылмаған жерге бару; бейбастақ сөйлеу; дұшпаннан жәрдем күту; сараңнан қажет сұрау.
Әділқазылар, келесі бөлімге өткен сайыскерлерді атап жіберсеңіздер.
1-бөлім: «Сен білесің бе?» — 3-кезең
Сайыскерлер
«Өзге ұлттай біздің де бар дәстүр мен салтымыз…» — 3-кезең сайыскерлерін ортаға шақырамыз:
- Фариза2-сынып
- Айжан3-сынып
- Набат3-сынып
Тапсырмалар (30/40/50 ұпай)
1) Айшықты сөздің астары
- 30 — «жылы-жұмсақ»
- Дәмді, тәтті тағам.
- 40 — «ит өлген жер»
- Алыс жер.
- 50 — «тісқаққан»
- Айлакер, ысылған адам.
2) Салт-дәстүр
30 — бастаңғы
Әке-шешесі сапарға кеткенде, үйдегі жастардың «жолаушылардың жолда басы ауырмасын» деген ниетпен бас қосып, ойын-сауық құруы.
Осылайша сайысымыз өз мәресіне жетеді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпазды анықтау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Қорытынды
«Қазақ аты — береке, бірлік» — бүгінгі сайысымыз да осы құндылықтарды ұлықтайды. Бір ата, бір ананың түлегіндей, қайда жүрсек те тілегіміз бір болсын. «Бірлік барда — тірлік бар» деген бабалар өсиеті жүрегімізге ұран болсын.
Алғыс
Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет!