Әліппе оқулығы
Сабақтың тақырыбы
Мұқағали Мақатаевтың «Әліппе» өлеңі негізінде жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың мақсаты
- Өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға машықтандыру; «Әліппе» оқулығы туралы түсінікті кеңейту.
- Оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Оқулықтың қадірін білуге, оны таза ұстауға, білімге ұмтылуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, суреттер, оқулық, дәптер.
- Сабақтың түрі
- Жаңа білім меңгерту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
Жылы лебіз
Қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Сабақтың ұраны
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.
Оқушыларға тәуелсіз елде бейбіт өмір сүріп жатқанымыз, әр күнді қуанышпен қарсы алудың маңызы, тәуелсіздіктің қадірі туралы қысқаша түсіндіріледі. Биыл тәуелсіздікке 20 жыл толуына орай бастауыш сыныптар арасында арнайы апталық өтіп жатқаны атап өтіледі. Сыныпта ерекше сабақ өтетіндіктен, оқушы ережесіне сай түзу отырып, белсенді қатысуға шақырылады.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы 4–5 оқушыдан сұралады. Одан кейін «Астана» тақырыбы бойынша қысқаша әңгімелесу жүргізіледі.
- Астана — еліміздің бас қаласы.
- Астана — жаңарып келе жатқан жас қала.
- Астана — әсем ғимараттарға толы қала.
Сөз құрамы
«Астана» сөзі: А С Т А Н А
Неше әріп? 6. Санап үйренген пән: математика.
Сұрақ-тапсырма арқылы жасырын сөзді табу
6 әріптің астында сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауаптардан жаңа сөз құралады.
| Әріп | Сұрақ | Шыққан әріп |
|---|---|---|
| А | «А» әрпінен басталатын сөздер айт. | Ә |
| С | Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? | Л |
| Т | Дыбыстар нешеге бөлінеді? | І |
| А | Қазақ тіліне тән төл әріптерді ата. | П |
| Н | Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? | П |
| А | Дауыссыз дыбыстар нешеу? | Е |
Шыққан сөз: «Әліппе». Бұл — алғашқы оқу-білімге бастайтын оқулық.
Кітапхана мәдениеті
- Оқулықты кітапханадан аламыз.
- Кітапты таза ұстау: жыртпау, шимайламау, бүктемеу, ұқыпты сақтау.
- «Әліппені» аяқтаған соң оқулықты тапсырып, келесі пән оқулығын алуға дайындаламыз.
Әңгімелесу барысында «Әліппеден» не үйренгеніміз еске түсіріледі: әріптерді тану, буындап оқу, сөз бен сөйлем құрау, сауатты жазуға алғашқы қадам жасау.
III. Сергіту сәті
Мұғалім бір әріп айтады. Оқушылар сол әріптен басталатын сөздерді қолданып сөйлем құрайды.
Үлгі
«Б» — Балқашта балықтар бар.
Берілетін әріп
Ж
IV. Жаңа сабақ
Әріптер әлеміне жол ашқан — «Әліппе». Бұл тақырыпқа көптеген ақын өлең арнаған. Бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың «Әліппе» өлеңімен танысамыз.
Автормен таныстыру
Мұқағали Мақатаев (1931–1976) — Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шынайы таланты мен мөлдір лирикасы арқылы көпшілік жүрегінен орын алған ақын мұрасы бүгін де туған халқына рухани азық болып келеді.
Сабақ барысында ақынның өз даусымен оқылған өлең жазбасы тыңдатылады. Негізгі мақсат — оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу және көркем сөздің әсерін сезіндіру.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мағынасын ашу, негізгі ойды анықтау.
- Оқушыларға іштей оқыту, кейін тізбектей оқыту.
Сөздік жұмысы
- Тарыдай
- кішкентай
- Таудай
- үлкен
Әліппе — оқу мен білімнің бастауы, мектептің негізі, барлық ғылымның анасы.
V. Дәптермен жұмыс
Өлеңнен түйген ойды бір сөйлеммен дәптерге жазу:
Әліппе — барлық ғылымның анасы.
VI. Шығармашылық тапсырма
Берілген буындардан мақал құрау:
Шыққан мақал
Мектеп — кеме, білім — теңіз.
Талқылау: мақалдың мағынасы ашылады, оқушылар білім мен оқу туралы өздері білетін басқа мақал-мәтелдерді айтады.
VII. Сабақты қорытындылау
- Бүгін қай өлеңмен таныстық?
- Өлеңнің авторы кім?
- «Бар ғылымға бас болған» қай кітап?
- «Әліппе» оқулығын қалай ұстауымыз керек?
Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Маңғыстау облысы
- Аудан, ауыл
- Түпқараған ауданы, Таушық ауылы
- Мектеп, мұғалім
- Шахта орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Аханова Назгүл Жанбырбаевна