Будда ғибадатханаларының орындары табылған қала

Архитектура және өнер.
Конспект
Жерімізде сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері көптеп кездеседі. 7 - 8 ғасырларда басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимараты төртбұрышты кесек тастардан қаланған. Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан. Құдық үстіне салынған құрылысты парсыша “сардоба” деп атайды. 6 - 9 ғасырларда Мырзашөл керуен жолының бойына салынған екі сардоба белгілі. Екі сардобаның құрылысы және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсайды.
Дың ескерткіштері қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Олар Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау жерлерінен көптеп табылды. Ақбешім, Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орындары табылған (7 - 8 ғ. ғ.). 9 ғасырдың екінші жартысынан бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастаған. Баба - Ата қаласы орнынан мешіттің қалдығы табылған. Балбал (мүсін тас) қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың басына қойылған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі. Қолданбалы өнер түрлеріне балшықтан жасалған терракота, көркем керамика және ұсақ пластика жатады. Терракоталарда адамның бет - әлпеті, шашы, киімі бейнеленеді.
Конспект сұрақтар
1. Терракоталарда бейнеленеді:
2. “Әкем Қағанға балбық тіктім” деп жазған:
3. Ислам дінінің архитектуралық құрылысы салына бастады:
4. Будда ғибадатханаларының орындары табылған қала:
5. Дың ескерткіштері көп салынған кезең:
6. Құдық үстіне салынған құрылыс:
7. Ақыртастан кіші сәулет өнері:
8. Құрылысы аяқталмай қалған ғимарат:
9. 6 - 11 ғасырларда салынған екі сардобаны көрсетіңіз:
10. Будда ғимараттарының орны табылған қалалар:
Тақырыптың тесті



Ұқсас жұмыстар

Жетісу аумағының сәулет ескерткіштері
Көшпенділердің материалдық, рухани мәдениеті
Тайланд корольдігі
Қазақстандағы будда діні
Жапония храмдары
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Ерте орта ғасырдағы қазақстан
ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ
ТАЙЛАНД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ
Қазақстандағы діндер
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
XIV – XV ғасырларда қалалар
Қаламгерлік көсемсөзі
БОНИТТЕУ ӘДІСІН ҚҰРУ ШКАЛАСЫ. ТОПЫРАҚ ЭТАЛОНЫ
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек туралы
Алматы қаласы экологиясы
6-12 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЛАЛАР