Ана сүтпен бойға біткен қасиет, Жатады ғой сонша жылдар тұншығып

Ұлағатты ұстазым

Ұстаз – ана, аялайтын барша жан,
Ұстаз – дана, бас иетін кіл ғалам.
Ұстаз – ұлы, ғалымдардың анасы,
Сөнбейтін де, өшпейтін де сол адам.
Анар апай, сіз – тұлғасыз өшпейтін,
Сіз – алаусыз, шырағы да сөнбейтін.
Сіздің сара жолыңыздан үлгі алып,
Қасиетті білудеміз Тіл дейтін.
Сөздеріңіз, іздеріңіз киелі,
Жаныңыз әдебиетті сүйеді.
Ұлағатты ұстазым деп шәкірттер,
Әрқашан да басын сізге иеді.
Шын жүректен құттықтаймыз жеңіспен,
Мақтанамыз біздің ұстаз үздіктерден үздік деп.
Сіздей дана әр кез көкке құлаштар,
Жұлдызыңыз жана бергей биіктен!

***
Тәуелсіз ел
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның бұрынғыдан басталған.
Құтқарам деп елімізді бұғаудан,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

Азаттықты алды атамекенім,
Көтеріп ап тәуелсіздік желкенін.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Нұрсұлтандай ел ағасы - үлкенім.

Қанша ғасыр тарттық өмір азабын,
Не өтпеді басыңнан, ер қазағым?!
Талай ерлер мерт болды ғой шайқаста,
Ашу - ыза кем болғандай мазағы.

Желтоқсанның ерлеріне бас идік,
Батырлар ғой, нағыз батыр сол дедік.
Тәуелсіз ел болуға бел байлаған,
Көтерді ол намыспен туын елдік.

20 жылдан асты елдің егемені,
Тойлаумен таңдар атып келер әлі.
Жайнай бер, жарқырай бер, Қазақстан,
Сен - қыран, көкте самға талмай біздің!

***
Туған жер
Туған жер, нәр аламын мен өзіңнен,
Міне, мен де өсіп келем тезімен.
Сағынамын қайда жүрсем де,
Білмей өтер қадіріңді ез емен.

Туған жерім, алтын бесік мекенім,
Алтын ұям деп мәңгілік өтермін.
Кең құшағын жайып салып орасан,
Тамсандырған әлем халқын жекелей.

Қабылдашы лебізі деп перзенттің,
Небір асыл дүлдүлдердің жүзі өткен.
Жерім – байтақ, елім – дархан тамаша,
Мен – жауынгер елдің шетін күзеткен.

***
Тіл мұңы
Қазағымда Өнер алды – қызыл тіл - дейді,
Тілдің жайы өзегімді өртейді.
Қазағымның кейбір, шіркін, жандары,
Өз тілінде таза сөйлеп білмейді.

Шет тілдері өз тіліндей сыңайлы,
Өзге тілде түк мүдірмей сайрайды.
Бар бойына жиып алып мұң - зарын,
Қазақ тілі үнсіз ғана жылайды.

Ана тілде үн қатса қала ма тілі бұралып,
Қалғаны ма сол тілдің шырмауына шырмалып.
Ана сүтпен бойға біткен қасиет,
Жатады ғой сонша жылдар тұншығып.

Болмайықшы енді халқым, құр бос соқыр әңгүдік,
Ана тілде сөйлейікші айызды әбден қандырып.
Айшықтатып, өрім өріп тізбектейік өлеңмен,
Жүрейікші ана тілдің мерейін көкке асырып.



Ұқсас жұмыстар

Имандылық қастерлі қасиет
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Сағи Жиенбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Нәрестелік кезеңдегі баланың психикасын дамыту
Д.Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаты
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Ландшафттың экологиялық қасиеттері
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа
Реформадан кейінгі жылдардағы елдің жағдайы