Балық суреті
Автор туралы
Шиелі ауданы, «№152 қазақ орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы.
Бұл жазбада бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін жаңа технологиялар арқылы өткізу тәжірибем ұсынылады. Негізгі тақырып — бунақденелілер: олардың тіршілігі, көбеюі және табиғатқа тигізер пайдасы мен ықпалы.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Бунақденелілердің тірі табиғаттың бөлігі екенін түсіндіру; олардың тіршілігі, көбеюі және табиғатқа пайдасы туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, тұжырым жасауын және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
Бунақденелілерге қамқор көзқарас қалыптастыру; қоршаған ортаны сүюге, табиғат сұлулығын сезінуге және бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын технологиялар мен әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы: кезеңдер мен белсенді жұмыс
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап-күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
«Суретті тап» ойыны
Шарты: оқушы суретті таңдайды. Суреттің кез келген екі бөлігін (цифрларын) таңдап, суреттің атын атайды.
1-топ: Бақа
- Бақа туралы өлең айту
- Қысқаша сипаттау
- Қосмекенділердің көктемгі тіршілігі
2-топ: Балық
- Балықтардың көктемгі тіршілігі
3-топ: Кесіртке
- Кесірткенің көктемгі тіршілігі
4-топ: Жылан
- Жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі
Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарды тыңдап, өзара бағалайды.
Жануарлар әлемі: өз мекенін тап
Шыбын
Ауру таратады: адамдарға сүзек, дизентерия сияқты жұқпаларды жұқтыруы мүмкін.
Маса
Көбіне су жағасында тіршілік етеді; безгек пен кейбір тері ауруларының таралуына себеп болуы мүмкін.
Көбелек
Гүлдерді тозаңдандырады. Тозаңданбаған өсімдік жеміс пен тұқым бермейді.
Ара
Бір ұяда 15–30 мыңға дейін ара тіршілік ете алады. Ара уы медицинада дәрілік мақсатта қолданылады.
Шегіртке
Жұмыртқасын жапырақ пен шөп арасына, кейде топыраққа салады.
Оқулықпен жұмыс
Мәтін бөліктерге бөлініп, сұрақтарымен бірге ұсынылады. Оқушылар төрт топта талдап, өз қорытындыларын айтады.
Есіңде болсын!
Дернәсіл — жәндіктер мен кейбір жануарлардың жұмыртқадан жаңа шыққан, әлі есеймеген даму сатысы.
Сергіту сәті
- «Жадырап жаз келді». Көбелекке ұқсап ұшайық. (Қолдарын сермейді.)
- Көбелек әдемі гүлдерді көрді. Гүлге көбелек болып қонамыз. (Отырады.)
- Орманда жүрміз. Араның ұясын көрдік.
- Байқамай араның ұясын бұзып алдық. Арадан қорқып қашамыз. (Орнында жүгіреді.)
- Жүгіріп келе жатып құмырсқаның илеуін кездестірдік. Құмырсқалардың тіршілігіне қарап таңғаламыз. (Бастарын шайқайды.)
- Сол сияқты еңбекқор боламыз. «Сабағымызды жақсы оқимыз ба?» — «Иә, жақсы оқимыз». (Басын шұлғиды.)
Компьютермен жұмыс: топтық тапсырмалар
I топ
Пайда келтіретін бунақденелілердің суретін салу: қанқыз, шаншар, ара, құмырсқа, өрмекші, көбелек.
II топ
Зиян келтіретін бунақденелілердің суретін салу.
III топ
Топтастыру әдісі арқылы бунақденелілерді ерекшеліктері бойынша жүйелеу.
IV топ
«Жәндіктер» тақырыбында бес жолды өлең құрастыру.
Ойын: «Ағаштарды құтқару»
Шарты: сұраққа дұрыс жауап берсек, жұлдызқұртты құсқа «беріп», ағаштарды қорғаймыз.
- Бунақденелілерді ата.
- Олар жұмыртқасын қайда салады?
- Дернәсілдер қандай зиян келтіреді?
- Шаншар мен қанқыздың өсімдікке қандай пайдасы бар?
- Дернәсіл деген не?
- Қосмекенділерді ата.
- Жануарлардың топтарын ата.
- Бунақденелілердің дене құрылысын ата.