Мақалды жатқа айт

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы • «Сымбат» жеке мектебі

Мұғалім: Курмалова Асель Агисовна

Қазақ тілі Грамматика Ойын арқылы оқыту

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің мағынасы туралы түсінік.

Бұл сабақта оқушылар зат есімнің қандай ұғымды білдіретінін түсініп, «Кім?» және «Не?» сұрақтары арқылы сөздерді ажыратуды тәжірибеде қолданады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру; зат есімнің белгілі бір заттың, ұғымның атауы екенін меңгерту.

Дамытушылық

Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; дүниетанымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және сол сұраққа нақты жауап қайтаруға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • «Балық аулау» ойыны
  • Ассоциация құру
  • Венн диаграммасы

Көрнекілігі

  • Оқулық
  • Дәптер
  • Ойын түрлері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Құрал-жабдықтарды ретке келтіру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

307-жаттығу

Бүгінгі сабақ — ойын-серуен түріндегі сабақ. Үй тапсырмасын «Аққала соғу» ойынынан бастаймыз: Аққала «Сынып іші өте жылы екен. Мына бөліктердегі сұрақтарға жауап берсеңдер, ерімеймін» дейді.

  1. 1 Мақалды жатқа айт.
  2. 2 Мақал ішіндегі зат есімдерді тап.
  3. 3 Зат есім деп нені айтамыз?
  4. 4 «Ақын», «сурет» сөздеріне сұрақ қой.
  5. 5 «Кім?», «Кімдер?» сұрақтарына мысал келтір.
  6. 6 «Не?», «Нелер?» сұрақтарына мысал келтір.

III. Жаңа сабақ

Сұрақ-жауап арқылы кіріспе

Қазір қай мезгіл?
Қыс.
Қыста ауа райы қандай?
Суық.
Қыстың күні аяғымызға не киеміз?
Етік.
Етігімізді кім жөндейді?
Етікші.

Негізгі түйін

Осы мысалдар арқылы оқушылар зат есімнің заттың, ұғымның атауын білдіретінін және оның «Кім?» немесе «Не?» сұрақтарына жауап беретінін байқайды.

Кім? Не? Заттың атауы Ұғымның атауы

IV. Оқулықпен жұмыс

Жаттығулар: 308–310

308-жаттығу • «Шаңғышылар жарысы» ойыны

Мақсат

«Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.

Кім?

Кенші, сушы, биші, малшы.

Не?

Кен, су, би, мал.

309-жаттығу • «Шанамен сырғанау» ойыны

Мақсат

Жұмбақты жатқа айту, көшіріп жазу, зат есімдердің астын сызу.

Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна...

Жауабы: көл

Қант емес — қатты,
Мұз емес — тәтті.

Жауабы: науат

V. Сергіту сәті • «Ұйқасын тап» ойыны

Аппақ доп тауып
Шақырды ақ (тауық)

Алмастан тыным
Шабады (құлын)

Өзіңше ноян
Қорқақ кім? (қоян)

310-жаттығу • «Хоккей» ойыны

Мақсат

Берілген сөздерді топтастырып жазу.

Табиғат құбылыстарының атаулары

Жел, қар, боран, жаңбыр.

Көлік атаулары

Арба, трамвай, шана, машина.

VI. Қорытынды

Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты бекіту:

  1. Адамдар тұратын баспана.
  2. Жер қазатын құрал.
  3. Қарға түскен адам аяғының ізі.
  4. Шай ішетін ыдыс.
  5. Төрт түлік малдың бірі.

Бір сөзбен айтқанда, бұл сөздер заттың атын білдіреді. Яғни, олар — зат есімдер.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және «Кім? / Не?» сұрақтары бойынша сөздерді дұрыс топтастыруы негізінде бағалау жүргізіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

311-жаттығу

311-жаттығуды орындау.