Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан - жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

Орындаған: Мұратжанқызы Гүлмина Ғылыми жетекшісі: Айтбекова Алия

Кеңес Одағының Батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың бейнесі және батырлық тұлғасы

Секция: Тарих Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамудағы қадамы»

Ұлы Отан соғысы Өлкетану Ерлік пен тағылым Тарихи тұлға

Зерттеудің мақсаты мен бағыты

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ел мен жер үшін аянбай ерлік көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаев туралы деректерді жүйелеу, оның өшпес ерлігін насихаттау және жас ұрпаққа тағылым ету мақсат етілді.

Міндеттері

  1. Рақымжан Тоқатаев туралы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жеңіске үлес қосқан батырдың ерлігін жаңғырту.
  3. Тұлғаны жан-жақты зерттеп, тарихта аз айтылған қырларын ашу.

Өзектілігі

Рақымжан Тоқатаев — заман өзгерсе де еңбек пен елге қызмет етудің үлгісін көрсеткен бірегей тұлға. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған игі істері маңызын жойған жоқ. Сондықтан оның өмір жолын үлгі ету арқылы адамгершілігі биік, рухы мықты жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды.

Болжам

Рақымжан Тоқатаевтың ерлігін зерттеу арқылы оның өз дәуірінде қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келешек ұрпаққа ақыл-өсиет пен тәлім-тәрбие ретінде қызмет етеді.

Зерттеу әдістері

  • Р. Тоқатаев мұражайына экскурсия жасау.
  • Туыстарынан және куәгерлерден материалдар жинақтау.
  • Кітап, баспасөз деректерін оқып, жүйелеу.
  • Деректі материалдар мен фильмдерді қарастыру.

Негіз болған материалдар және құрылымы

Материалдық база

  • Туған-туыстарының Р. Тоқатаев туралы естеліктері.
  • Баспасөз материалдары.
  • Отбасылық архив құжаттары.

Жұмыстың құрылымы

Ғылыми жоба кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Баяндама (тезис)

Бұл жұмыс өлкеміздің тарихында аты қалған тұлғаларды дәріптеуге арналған. ХХ ғасырдың ең алапат қақтығысы — Екінші дүниежүзілік соғыс, ал оның бір бөлігі — Ұлы Отан соғысы.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарға қару берілмей, көбіне ауыр тыл жұмыстарына алынғаны белгілі. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтар қолына қару алып, бір кісідей майданға аттанып, Отан қорғауға қатысты. Қаншама азамат ұрыс даласында қаза тапты. Жеңіс арзанға түспеді — бұл шындық әр отбасының тарихында із қалдырды.

Осындай кезеңде ерлік көрсеткен жерлесіміз Рақымжан Тоқатаевтың өмірі мен қызметіне шолу жасай отырып, көпшілік біле бермейтін қырларын таныту — жас ұрпақ үшін маңызды.

Майдан жолы және азат етілген өңірлер

Рақымжан Тоқатаев фашист басқыншыларына қарсы шайқаста Бердычев, Винница, Чортков, Дороговичи, Самбор, Санок, Мукачево, Ужгород қалаларын, сондай-ақ Чехословакия аумағындағы Михаловск, Кишица, Зару елді мекендерін азат етуге қатысты.

Майдан газетіндегі дерек

«Сталинское знамя» атты майдан газеті 1945 жылы Рақымжан Тоқатаевтың ерлігі мен мергендігі туралы былай деп жазған: бөлімге, тіпті бүкіл әскери құрамға танымал сержант Рақымжан Тоқатаев 76 мм танкке қарсы зеңбіректің жетекшісі ретінде жауынгерлік ерлік көрсетіп, бір ұрыста 13 неміс танкісін атып жойған.

Соғыстан кейінгі қызметі

  • 1946 жылдың қаңтары: әскер қатарынан босатылып, Қаракемер ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін жалғастырды.

  • 1946 жылдың тамызы: Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп, 1950 жылы бітірді.

  • 1950–1988 жылдар: Есік қаласындағы Малькеев атындағы мектеп-интернатта мұғалім және директор қызметтерін атқарды.

Естелік және құрмет

Туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың болғанын мақтан етемін. Ерен ерлігі еленіп, Рақымжан Тоқатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Есік қаласында бір көше және Есіктегі қазақ мектебі Рақымжан Тоқатаевтың есімімен аталады. Бұл — ел жадындағы құрметтің айқын көрінісі.

Дегенмен Қазақстан тарихында лайықты орын алғанына, деректі фильмдер түсірілгеніне қарамастан, тұлғаның әлі де зерттелмеген, беймәлім тұстары бар. Осы деректер менің қызығушылығымды арттыра түседі. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей, жас ұрпақ аға буынға қарап бой түзейді.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Н. Ә. Назарбаевтың ой-тұжырымы өткенге тағзым ету, бүгінге мақтанышпен қарау және келешекке сенім арту сияқты құндылықтарды «Мәңгілік Ел» ұғымымен сабақтастырады.

Отанды сүю — бабалардан мирас болған мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманаттап табыстау. Бұл жұмыстың түпкі мәні де — осы.